Гарри Поттердің 70 жыл бұрынғы оқиғасы.

Сообщить о проблеме с эфиром

Кино әлеміне тағы бір тың туынды қосылмақ - «Фантастикалық құбыжықтар: Грин-де-Вальдтың қылмысы.» Картинада зұлым кейіпкерді сомдаған Джонни Депп, сценарийді оқымай-ақ түсірілімге келісімін берген.

Себебі, актер фильм авторы Джоан Роулингтің шығармаларын сүйіп оқитындығында екен. «Фантастикалық құбыжықтар» лентасының алғашқы бөлімі, 2016 жылдың «ең үздік фильмі» атанған. Жалғасын тапқан фэнтези, енді жаңа хикаямен оралмақ.

Гарри Поттер фильміне дейінгі оқиғада, сиқырын зұлым әрекеттерге бағыттайтын Грин-де-Вальдті тоқтату, профессер Альбус Дамблдордың студенті - Ньют Саламандерге жүктеледі. Фокусшылардың ғажайып әлеміне қауіп төндірген дұшпанмен шайқасқа түсетін Ньюттің бастан кешкен оқиғасын, 15-ші қарашадан бастап кинотеатрлардан көре аласыздар.