XXXTENTACION екінші бейнебаяны жарық көрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал 4 ай бұрын қайтыс болған рэпер XXXTENTACION көзі тірісінде таспаланған «Moonlight» атты клипі ұсынылды. Бақилық болған музыканттың жарыққа шықпай қалған туындыларын енді өнердегі әріптестері қолға алған.

Америкалық әнші Lil Peep, Тентасьенмен дуэт жазып «Falling Down» хитін шығарса, Лил Уэйн «Tha Carter V» атты жаңа альбомында, «Donʼt Cry» атты ортақ трек ұсынды.

Ал «Moonlight» клипінде, ормандағы жастардың көңілді кешінің ортасында, Джасей өзін жалғыз сезініп жүреді. Небәрі 20 жаста бақиға аттанған рэпердің тыңдармандары үшін, бейнебаян күтпеген тосын сый болған.