Лука Модрич тағы да ел назарында.

Сообщить о проблеме с эфиром

ФИФА-ның 2018 жылғы үздік ойыншысы атанған Лука Модрич тағы да ел назарында.

Мадридтік «Реалдың» футболшысы аптасына 200 мың еуро табыс тапса да, арзан телефонығымен жұртты таңырқатты. Желі қолданушылары Модричтің қолындағы алтын түстес iPhone 5s-тың құны бар болғаны 200 доллар екендігін айтып таңырқасуда.

Жаһанға әйгілі аяқдопшының абыройына бұл гаджет тым қарабайыр деседі көпшілік. Еске салсақ, 1985 жылы Хорватияда дүниеге келген Модрич бала кезінде қой баққан екен. Шопандар мен қасқырлар текетіресін деректі фильм етіп таспалаған мына видео авторлары, кадрдағы жеткіншектің Лука екенін кейін білген.