Бруно Марс 33 жаста

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық танымал әнші Бруно Марс, бүгін 33 жасын атап өтуде. «Грэмми» марапатының бірнеше мәрте иегері қазіргі таңда тындармандарын қуантуды қойған ба?

Бруно Марстың дәл осы «Nothing On You» әні жұлдызын жаққан еді. Музыканттың шын есімі - Пи́тер Джин Эрна́ндес.

Әншінің ең алғашқы «Doo-Wops & Hooligans» атты альбомы бірден Биллборд чартының үшінші орнына тұрақтаған.

2011 жылы, 53-ші Грэмми марапатында 7 түрлі номинация иеленген өнерпаз, мүмкіндігін мүлт жібермей жыл сайын «үздік орындаушы» құрметіне лайықты деп табылған.

Музыкант тіпті, «Гиннестің рекордтар» кітабына үш рет енсе, «Тайм» журналы Бруноны, әлемдегі ең беделді адамдар қатарына қосқан.

Пи́тер Джин Эрна́ндес 2 жасынан «Бруно» деген атқа ие. Музыканттар отбасында дүниеге келген әнші, әйгілі Майкл Джексонның өнерімен шабыттанып өскен екен.

Қазіргі таңда Бруно Марс өзінің актерлық қабілетін де шыңдап жүр. Ол әйгілі музыкант Принц жайлы фильмде басты рөлді сомдайды.