Жұлдыздар сүйетін телехикаялар

Сообщить о проблеме с эфиром

Аталмыш лента жарық көргенше отандық жұлдыздар тамашалауға болатын өз телехикаяларының тізімін ұсынды. Тақтар айқасы, әлде Шерлок? Сонымен, танымалдардың сүйікті сериалдары қандай?

Қолы қалт етсе, телехикая тамашалауға кірісетіндердің бірі - Асқар Бисембин. Жұмыс кестесіне қарамастан, отандық режиссер сүйікті туындыларын көруге әрдайым уақыт табуға тырысады.

Асқар Бисембин, режиссер:

-Өнердегі жолымды телехикаядан бастағаннан кейін, бұл тақырып жаныма ерекше жақын. Маған «Америкалықтар» сериалы қатты ұнады. Кеңес өкіметінің АҚШ-тағы тыңшылары туралы. Одан кейін «Жойқын жарылыс теориясы» мен «Америкалық отбасы» ситкомдары көңілімнен шықты.

Бисембинмен салыстырғанда, Айдай Исаеваның талғамы мүлде бөлек. Танымал сәнбике көптің жүрегін жаулаған «Тақтар айқасы» телехикаясын таңдайды.

Айдай Исаева, сәнбике:

-Енді, турецкий сенриалды көріп жатады көбісі. Мен көрген емеспін ешқашан. «Игра престолов» соны жақсы көрем. Тек қана сериалдардан сол ғана кино. Енді, шетелдік кинолар керемет қой.

Отандық жұлдыздар арасында детективті жанрға жақын жандар да жетерлік. Мәселен, Жәния Журинская «Шерлок» телехикаясының адал жанкүйері болып шықты.

Жәния Журинская, актриса:

-«Шерлок» лентасының жалғасы қалай болатынын білмей отырасың. Әрбір бөлімі бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан, мен үшін ол өте қызық.

Алайда, танымалдар ішінен телехикаяларды жаны сүймейтіндер де табылды. Жуырда ғана құсын қолына қондырған Артур Төлепов, сериал тамашалауға уақыт таба алмай жүр. Алайда ол, қалауындағы сюжетті кезіктіре қалса, теледидар алдына жайғасуға әзір.

Артур Төлепов, актер, әнші:

-Өзім жалпы зомби, түрлі шытырман оқиғалар, жалпы әлемде бір түрлі вирустар кіріп кетеді, одан кейін оны вакциансын таппай, сондай бір фантастикадан құрылған киноларды қатты жақсы көрем.