Канье Уэсттен озғандар

Сообщить о проблеме с эфиром

Канье Уэст меймандатып жүргенде, жас өнерпаздар оның алдын орауда! Lil Baby, Gunna, Juice WRLD. Бұл Биллборд чартындағы жаңа есімдердің бір легі! Азулылармен иық теңестіруге ұмтылған жастар кімдер? Дәл қазір анықтап айтпақпыз.

Juice WRLD лақап атымен танылған 20 жастағы рэпер үздіктер көшінде. Орындаушының «Lucid Dreams» әні тыңдарманның көңілінен шығып жатқандай.

Даңқты тізімнен табылған рэп орындаушы алғашқы туындыларын ұялы телефонға жазудан бастаған еді. Ал, кейін Тупак Шакурдан және оның «Juice» картинасындағы образынан шабыт алып, өзіне «Juice WRLD» есімін еншіледі. Бозбаланың осы жылы жарық көрген Goodbye & Good Riddance альбомы бүгінде сұранысқа ие.

Тағы да рэп! Қос өнерпаз Lil Baby мен Gunna-ның «Drip Too Hard» трегі де таңдаулылар қатарында. Еске салсақ, бұл хип-хоп орындаушының Биллборд чартын алғаш рет бағындыруы емес. Бұған дейін Gunna «Drip Season 3» микстейпімен үздік альбом иегері атанған еді.

Сондай-ақ мықтылардың арасынан «Better Now» әнімен Post Malone табылса, Леди Гага мен Бредли Купер де өзгелерге дес берер емес. Саундртрек ретінде таспаланған «Shallow» туындысына тыңдарман қызығушылығы күн санап артуда.