Камила мен Баззи

Сообщить о проблеме с эфиром

Камила Кабейо да жылдың басында өзінің «Havana» әнімен Биллборд чартының үздігі атанған еді. Енді әнші қыз, жас музыкант Баззимен дуэт орындап, «Beautiful» атты трекке бейнебаян ұсынды.

21 жастағы Эндрю Баззи, 2012-ші жылы YouTube желісінде, әйгілі музыканттардың әндеріне кавер орындау арқылы танымалдыққа ие болған.

Қос өнерпаздың ұсынған ортақ туындысы махаббатқа толы дейді жанкүйерлері. Камила бейнебаянда періштенің образына еніп, Баззидің жүрегін жаулап алмақ.