Кира Найтли «Зардап» фильмін ұсынбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Кира Найтли өзінің су жаңа «Зардап» картинасының алғашқы трейлерін ұсынды. Бұл жолы Голливуд жұлдызы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі оқиғаны бастан кешпек.

Режиссер Джеймс Кенттің тың туындысында, Льюис Морган есімді ағылшын азаматы Гамбург қаласының мэры болып сайланады. Льюистың жарын сомдайтын Кира Найли, ата жауларымен бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болады. Дұшпанымен достасу үшін түрлі қулыққа баратын кейіпкерлерге, соғыстан кейін қирап қалған қаланы қайта тұрғызу миссиясы жүктелген. Британдық отбасы мен неміс архитекторы арасындағы кекке толы хикая, 2019-жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.

***

Джина Родригес басты рөлді сомдайтын «Оқ ару» атты атыс-шабысқа толы америкалық лентаның трейлері ұсынылды. Сұлулық байқауының үздігі атанған бикеш, есірткі тасмалдайтын бұзақылардың қолына түсіп, енді өз өмірін аман алып қалу үшін талай сынға төзуге дайын. Драмаға толы картина, 2019-жылдың ақпан айында жарық көреді.

***

Актер Венсан Кассель «Қара жолақ» картинасында полиция қызметкерін сомдайды. Франция мен Бельгия бірігіп түсірген фильмде, жоғалып кеткен Дэни Арно есімді бозбаланың ісімен айналысатын комиссардың хикаясы баяндалмақ. Шындыққа көз жеткізу үшін қылмыскерді іздеуге аттанатын Кассель мырзаның оқиғасы, 29-қарашадан бастап үлкен экрандарда.