Аргентинадан жауған алтындар

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық спортшылар Буэнос-Айрес қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында олимпиада ойындарында атой салуда. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшымыз Айбек Оралбай алтыннан алқа тақты. Ол ақтық сында алжирлік қарсыласын қапы қалдырған.

Сонымен қатар, Дамир Тойбай күміс жүлде еншілесе, Надежда Рябец есімді аруымыз қоланы қанжығалады.

Каноеде есу бойынша Диас Бахриддин жеңімпаз атанса, Стелла Суханова қола медаль иеленді. Қазақстан ерлер командасының велошабандоздары Глеб Брусенский мен Евгений Федоров ел мерейін үстем етіп, бас жүлде алды. Дзюдошымыз Бекарыс Садуақас та осы доданың чемпионы деп танылса, қыздар арасында Маргарита Гриценко күміс еншіледі.