«Патруль 4» телехикасы көрерменге жол тартпақ

Сообщить о проблеме с эфиром

«НТК» көрермендерінің көзайымына айналған «Патруль» телехикаясының жұлдыздары керісінше, спортшыларға ұқсамау үшін барын салуда! Салмақ қосуды қалайтын Берік пен Серік бұл күндері тамақты таласа жеуден тартынбайды екен. Мұндай жанкештілікті телехикаяның төртінші маусымы талап еткен көрінеді.

НТК-ның ең үздік «Патруль» телехикаясы өз көрерменімен қайта қауышпақ! Көпшіліктің сұрауымен, Берік пен Серік сақшылық жұмысына қайта кірісті. Бүгінде қос полиция қызметкері ел тыныштығы үшін аянбай еңбектенуде.

Рүстем Омаров, актер:

-Бұл маусымда бұрынғыға қарағанда қылмысты көбірек ашатын боламыз. Оқиғалар бұрынғыға қарағанда шиеленісе түспек. Алайда, Мура бәз-баяғынша әр түрлі келеңсіз жайттарға тап бола береді.

НТК сайтындағы оқырманның көбі актерлардың нағыз полиция өкілдеріне ұқсап бара жатқанын жаппай жазуда. Талғамы биік көрерменнің бұл пікірімен, олар да толықтай келіседі. Тіпті, талапқа сай болу үшін, таласа тамақ жеуге тура келді дейді әзілқой кейіпкерлер.

Мейіржан Туребаев, актер:

-Негізі қарын шығуы керек ер адамда. Біз спортсмен емеспіз шынын айтсақ. Қарын шықса, вобще күлкілі болады. Потому что бүкіл гаишниктер солай жүр. Бізге айтады ой, сендер ұқсамайсыңдар, анау-мынау деп. Сендер спортсменсіңдер деп. Біз соған әрекет қылып, тамақ жеп конкретно, түсіп жатырмыз.

Ең бастысы, көрерменнің көңілінен шықсақ жетерлік. Оң ілтипатқа ие болу үшін бұдан да зор жанкештілікке әзірміз деп әзілдейді актерлар.

Олжас Ибраев, режиссер:

-Осы төртінші маусымда шытырман оқиғалар көп болады. Экшн сценалар болады. Тамашалаңыздар, көріңіздер. Өте қызықты болады!