Пикачу туралы фильм таспаланбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Актер Райан Рейнольдс енді «Покемон» кейіпкерінің бірі -Пикачу туралы фильмді дыбыстайды. Жапон елінің дизайнері - Кэн Сугимори сонау 1996 жылы дүниеге әкелген аниме қаһарманына арнап, енді АҚШ мемлекеті толықметрлі лента ұсынбақ.

«Детектив Пикачу» деп аталатын фильмнің коюшы режисеры ретінде Роб Леттерман тер төкпек. Лентаның сюжеті, Гарри Гудман есімді тыңшының ізсіз жоғалып кетуінен басталады. Ал оның баласы, әкесін іздеу барысында Пикачудан көмек сұрайды.

Райм-Сити қаласында өрбитін туындыда, барлық пакемон кейіпкерлері бас қосады. Анимациялық фильм, 2019-шы жылдың жазында жарыққа шығады деп жоспарланып отыр.