Қараша айының су жаңа картиналары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық танымал актер Джерард Батлер «Хантер Киллер» лентасында әлемді бұзақылардан қорғаса, Клэр Фой «Торда қалып қойған қыз» атты криминалды туындыда өз өмірі үшін күреспек. Қараша айында көрерменге жол тартатын тың картиналар қандай?

Күні ертең жарық көретін дәл осы «Хантер Киллер» лентасы, атыс-шабысқа толы. Актер Джерард Батлер - АҚШ-тың теңіз әскери қызметкері рөлінде. Джо Гласс есімді командир өз сарбаздарымен, дұшпанның сүңгуір кемесінің ізіне түсіп, жоғалып кеткен жерлестерін табуға тырысады. Олар мұхиттың түбінде жер бетіне қауіп төндіруді жоспарлап жүрген қара ниетті жандармен жолықпақ. Ендігі миссия - оларға бөгет болу.

***

Ал көптен күткен «Торда қалып қойған қыз» атты картина, 8-ші қарашадан бастап жарық көреді. Сюжет желісі бойынша хакер Лисберт пен журналист Микаэль, криминалды әлемнен төнген қауіп-қатерге тап болады. Басты мақсаттары - құпия өлімді анықтау. Тыңшылар мен киберқарақшыларға төтеп бере алған кейіпкерлердің хикаясын, көрерменнің 90% пайызы асыға тосуда.

***

«Суспирия» лентасы үрейлі сәттерге толы болмақ. Танымал актриса Дакота Джонсон, бұл жолы - биші қыздың рөлінде. Ару, Берлин қаласындағы аты аңызға айналған өнер мектебіне аттанады. Алайда, Дакота бұл оқу орнының қарғысқа қалған жер екендігінен бейхабар. Талантты қыз енді зұлым күштерден өзін қорғау жолында күреске түседі. Қорқынышты триллер, қарашаның 29-жұлдызынан бастап үлкен экрандарда.