Әйгілі «Үлкен жарылыс теориясының» актерлары, көрерменмен қош айтысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Үлкен жарылыс теориясы» телехикаясы көрерменмен қош айтыспақ. Әйгілі туынды соңғы маусымын ұсынып отыр. Айтулы сәтке орай, сериалдың кейіпкерлері Лос-Анджелесте бас қосты.

12 жылдан бері дәл осы телетуындының жұлдыздарына айналған актерлар, ерек кездесу ұйымдастырды. Тіпті әйгілі ситкомның кейіпкерлерінің қол іздері бар арнайы тақтайшалар қойылды.

2007 жылдан бері көрермен көзаймына айналған телехикая, ақырғы маусымдағы соңғы оқиғаларды тек бір эпизодпен көрсетпек.

«Эмми» марапатының талай жүлдесіне ие болған сериал, қос оқымыстының бастан кешкен оқиғасын баяндайды. CBS» арнасы ұсынған картина, басы-қасы 275 бөлім жарыққа шығарған.

Әлемге танылған телехикая актерлары соңғы қоштасу сәтінде, жоба авторлары мен көрермендеріне алғыстарын жаудырған еді.

Саймон Хелберг, актер:

- Мен кезінде Голливудта атымды қалдыруды армандайтынмын. Міне сол сәтте те келді. Сене алар емеспін. Бұл үшін қаншама қиындықтан өттім.

Кейли Куоко, актриcа:
- Ең соңғы бөлім, эмоционалды болады деп ойлаймын. Себебі біздің ұжым бұл үшін талай жыл еңбек етті. Біз әдемі кетуіміз керек. Менің командам, отбасыма айналғандай.

Өмірлерінің мәніне айналған жоба, дәл осы актерлар үшін танымалдылық алып келген еді. Алғашқыда 60 мың доллар қаламақымен бастаған жұлдыздардың талабы, бүгінде 900 мың доллар.

«Warner Bros Television» компаниясы телехикаяны тарихтағы «ең күлкілі комедия» қатарына енгізді. Ал қызықты шоудың соңғы бөлімі 16 мамырда жарық көреді.