Зак Эфронның жаңа картинасы

Сообщить о проблеме с эфиром

Зак Эфрон болса, су жаңа картинасын таныстырды. Америкалық актер бұл жолы, өзінің бағын криминалды драмадан сынап көрген. Сері тың жобада кісі өлтірушіні сомдайды. Оны Зак кезекті картинасы жайлы сұхбатында баяндап берді.

«Сұлу, жаман әрі қатал» атауына ие болған фильм, 1970 жылдары өмір сүрген Теде Банди есімді кісі өлтірушінің оқиғасына негізделген. Ол арулардың жанын алумен танылған АҚШ-тың ең қауіпті қылмыскері атанған еді.

Шынайы оқиғаны баяндайтын лентада басты рөлді сомдайтын Зак Эфронға, дәл осы Теденің кейпіне енуге тура келген. Фэнтезилерге түсіп үйренген сері, аталмыш жобаға қатысу үшін біраз уақыт ойланған.

Зак Эфрон, актер:

- Бұл әдеттегі фильмдерден өзгеше. Мұндай жанр тек көрерменге ғана емес, актерларға да әсер етеді. Сондықтан болар кейіпкерімнің өмір сүру қағидасын жеткізу мен үшін біраз қиындық тудырды.

Шытырманға толы фильмде Банди, сүйіктісінен шынайы бет-пердесін жасырып келмек. Ал Зактың ғашығы болатын Лили Коллинз, бұл картинаның аруларға берер пайдасы жетерлік дейді.

Лили Коллинз, актриса:

- Әрбір қыз талай жігіттің арбауына тез түседі. Біз мұны мойындағымыз келмейді. Алайда шындыққа тура қарап үйренгеніміз жөн шығар.

Криминалды драманың тұсауы жыл басында «Сандэнс» фестивалінде кесілген болатын. Киногерлердің ыстық ықыласына бөленген лента, мамырдың 23-нен бастап көрерменге жол тартады.