Жұлдыздар додасында сынға іліккен Динара Сұлтан, хайтерлеріне жауап қатты

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы күндері Динара Сұлтанға айтылған сындардың санында шек болмай тұр. Отандық шоулардың бірінде топ жарып, теміртұлпарды тізгіндеген әншіні, желідегілер «лайықсыз» деп жазғырып жатыр. Ал, бас бәйгені еншілеген бикеш, материалдық қолдауға қаншалықты зәру?

Әншілер арасындағы сайыста, әріптестерінен оқ бойы озық шыққан Динараның жеңісін желідегілер жақтыра қоймаған секілді.

Жұлдыздар шоуында бас жүлдені еншілеген Динара үшін, өнердегі нәпақасынан гөрі, отбасының бақыты маңызды. Ал, әншінің шығармашылығына қаржылай қолдау көрсететін өзінің жолдасы екен.

Динара Сұлтан, әнші:

- Шыны керек мені, жанұямызды қамтып отырған – ол біздің отағасы. Жан жолдасым... Үйдің отағасы болғаннан кейін сол әкемізге қараймыз. Шығармашылықты да, бүкілін де қолдайды, иә!

Сондай-ақ, сүйіктісінің сахнадағы әр қадамын қолдап, жұбайынан материалдық жәрдемін аямайтын азаматтардың бірі – Зарина Омарованың үйдегі отағасы.

Зарина Омарова, әнші:

- Қолдап, барлық жағынан, материалдық жағынан да бәрін істеп жатқан менің жолдасым. Сенің жолдасың ретінде сені қолдап, қорғап жүремін. Бірақ сен өз жұмысыңды өзің тындыра бер дейді.

Шоу-бизнестің жігіттері де әнші келіншектеріне көмек қолын созуда сараңдық танытпайды. Мәселен, актер Бауыржан Сатовтың әйелі Альбинаның шығармашылығы үшін шығар жаны тым бөлек.

Бауыржан Сатов, актер:

- Көбісі айтады Бауыржан продюсер болып кеткен бе деп. Жоқ, мен жай ғана келіншегімді қолдап, қасында көмектесіп жүрмін. Қолдап, қолпаштап жүргендіктен кейін көбісіне продюсер ретінде көрініп қалатын шығармын.

Жас жұбайлардың жоспары мен Меденованың арқа сүйерімен құрған бизнес-ұстанымдарында ұқсастық байқалады.

Әлішер Нұржанов – А. Меденованың жұбайы

- Жасыратыны жоқ бізде отбасылық бизнес бар. Ал, одан түскен қаржыны жанұямыздың жұмысына жаратамыз. Айдананың шығармашылығы да сол бюджеттің ішінде...