Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші Карди Би, продюсерлердің көмегінсіз-ақ, талай белестерді бағындыруда. Ол былтыр жарыққа шыққан альбомының арқасында, тарихтағы «ең үздік хип-хоп орындаушы» атанды.

Карди Бидің «Invasion of Privacy» альбомы әлі де сұраныста. Оған бүгінде үнтаспаның 5 млрд-тан астам тыңдалымы дәлел. Рэпер қыздың алғашқы ән жинағы 2018 жылдың сәуір айында жарық көрген еді. Еске салсақ, Карди Бидің дәл осы еңбегі «Грэммидің» марапатына ие болған.

Майкл Джексонның үлкен ұлы Принс көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Бақилық болған поп-музыканттың баласы ғашығын жақындарымен де ресми түрде таныстырған. Бозбаланың таңдауы - Молли есімді бикешке түскен екен. Ал қос ғашықтың көңіл жарастырып жүргеніне төрт жылдан асыпты.

Әйгілі «Джеймс Бонд» жайлы фильмнің жиырма бесінші бөлімі түсірілім жұмыстарын тоқтатты. Себебі туындының бас кейіпкері Дэниэл Крэйг аяғын жарақаттап алған. Картинаны таспалау барысында байқаусызда құлап қалған актерға, біраз уақыт ем қабылдау қажет деседі. Жоба авторлары лентаны жалғастыру үшін, Крэйгтың сауығуын күтуге мәжбүрміз деп отыр.