«Steppe sons» тобы алғашқы кешін өткізді

Сообщить о проблеме с эфиром

Джаз әуендері қазақтың ұлттық аспаптарымен! Елімізде тұңғыш рет қос бағытты тоғыстырған «Steppe sons» тобы тырнақалды альбомын таныстырды! Ерек бағытта ән салатын жас ұжым, болашақта кью-поп әнші Айримен де ортақ жұмыс ұсынамыз деп отыр!

«Steppe sons» яғни, өздерін «ұлы дала ұлдары» атаған бұл ұжымның құрылғанына 1 жыл. Аз ғана уақыттың ішінде топ, Словения, Аустрия саханаларында өнер көсетіп, қазақ музыкасын әлемге таныту үшін барын салып жүр.

«Steppe sons» тобы:

- Өзіміздің стиліміз негізі қазақы этникамен джазды тоғыстыру болып саналады. Оған қоса біз заманауи ырғақтарды қосамыз, заманауи әуендерді қосамыз.

Ерек кешпен қатар, тырнақалды әнжинағын ұсынған ұжым шығармашлықта тәжірибе жасаудан қорықпаймыз дейді. Жігіттер, қажет болса, әр жанрда ән салуға әзір.

«Steppe sons» тобы:

- біз өз шығармаларымызда сондай-ақ поп-рок, джаз-рок, поп және басқа да жанрлар қосуға тырысамыз. Демек біздің айтқымыз келіп отырғаны, біздің төл аспаптарымызбен де неше түрлі жанрда стильде көрсете аламыз.

Жас өнерпаздардың алғашқы кешінде қолдау көрсетіп, сахнада өнер көрсеткен әншілер да табылды. Мәселен, «Алашұлы» тобы мен Аири «Steppe sons -ты» нағыз дарын иелеріне балап отыр.

AYREE, әнші:

- Олар енді, біздің қазақ аспаптарымен сүйемелдеп, сондай бір заманауи жақсы әндер шығарып жатыр. Степ сонс тобымен альбом шығарамыз бұйыртса. Этно-фольклорлық, заманауи шығармашалрмен толтырамыз. Айри мен Степсон болып.

Олай болса, ерек тандемнен сапалы дүниелер күтеміз!