Кайли Дженнердың сауық кеші қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер, Кардашьян әулетінің басын қосты. Сәнбике өзінің кезекті косметикалық топтамасының тұсауын кескен еді. Трэвис Скоттың сүйіктісі, осылайша «Forbes» тізімінің жастар арасындағы «ең ауқаттылар» көшін ешкімге бермек емес.

Кіші Дженнердің «Kylie Skin» атауына ие болған кеші – барби стилінде өткен. Жиын қонақтарына, бикеш тек күлгін түсті киіммен келу керек деген қатаң талап қойды.

Бизнесвуменнің айтулы шарасында әпкелері: Ким мен Хлои эпатажды образдарымен көзге түсті. Қонақтардың арасынан тек Кендалл Дженнер байқалмады. Сәнбике жұмыс бабымен басқа қалада жүрген көрінеді.