Ержан Максим мен Данэлия Төлешова жұлдыз болу үшін,балалық шақтың қызығынан бас тартты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жас өнерпаздар жұлдыз болу үшін, балалық шақтың қызығынан да бас тартуға дайын. Мысалы, Ержан Максим небәрі 11 жасында ресейлік «Голос.Дети» шоуын бағындырса, Данэлия Төлешова де кішкентайынан сахна төрінде жүр.

Ержан Максимды қалың көпшілік түрлі музыкалық конкурстардың жеңімпазы, әсем дауыс иегері ретінде таниды. Алайда, бұл жетістікке жету үшін, өнерлі бала өз ортасынан алшақтап, достарымен де кездесуден қалған. Тіпті, оның сансыз репетициялар мен дыбыс жазу студиясында өткізген күндері, сабағына да кедергісін келтірген көрінеді.

Ержан Максим, «Голос.Дети» шоуының финалисі:

- Мен әрине сабақтан көп қалдым ия. Бірақ сабаққа барғаннан кейін сол сабақтың бәрін қайтып жаттап, оқып апайлардан сұрап білмегендерімді және соларды миыма сақтап аламын.

«Голос Дети» шоуының финалына жету үшін Ержанға біраз тер төгуге тура келді. Бүгінде балақайдың әр күні тығыз кестеге түзілген.

Түрлі түсірілімдер, конкурстар мен концерттер. Осының барлығына уақыт табу үшін Данелия Төлешова, қатарластарымен араласу тұрмақ, сабағын да шетке ысырып қойған.

Данэлия Тулешова, «Голос.Дети» шоуының жеңімпазы (Украина)

- Ол кезде соңғы бір айда қатты қиын тақырыптар болған еді. Жатпай тұрмай кітаптардың бәрін оқыдым, жаздым, Тіпті 3 күннің ішінде емтиханға дайындалдым. Маған барлығы сенің әнші болғаның бағаларына көмектеспейді деді. Біз мектепте ән салмаймыз, оқимыз ғой.

Осылайша, әлемге танылуды көздеген жас өнерпаздар жұлдыз болу үшін түрлі жанкештілікке баруға дайын.