Геннадий Головкинмен кездескім келеді! Гүлназ Жоланова неліктен трипл джимен кездеспек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Гүлназ Жолановаға бұл телехикаяының актерлары емес, Геннадий Головкин әлдеқайда қызығырақ. Өнер иесі, трипл джимен шынайы өмірде кезіксем, есімнен танып қалуым да ғажап емес дейді. Себебі, актриса былғары қолғап шеберінің шын жанкүйері екен.

Гүлназ Жоланова үшін Генадий Головкинмен кездесу «әзірге» қол жетпес арман.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Енді, спорт болса, еліміздің мақтанышы Генадий Головкин, біріншіден. Әлі де кездесіп көрмегенмін. Ол кісімен кездескім келеді, суретке түскім келеді.

Болашақта мақсатына жету үшін, сылқым, қолымнан келгенін аянып қалмаспын деп отыр. Жолановамен салыстырғанда, кумирге келгенде, оның әріптестерінің таңдауы мүлде бөлек.

Ayree, әнші:

- 2005 жылы керемет хит әні шыққан кезі. Сол кезден бастап фанатымын Бионсенің.

Тәуекел Мүслім, актер:

- Көптеген ойыны, актерлық шеберлігі ұнайды. Том Харди, Леонардо Ди Каприо, Джим Керри, Уилл Смит.

Голливудтық серілердің болмысына қарап бой түзеген Тәуекел Мүсілімнің көздегені, дәп солардай жаһан жұртшылығына танылу! Олар еншілеген «салмақты» мүсіншелер де жұғысты болсын деп ырымдайды.

Жұлдызды визажист, Санди Бексырға болса «құрғақ шөппен ауыз сүртіп» отырмақ емес! Өзі талайдан арман еткен Джей Лоны жақыннан көріп, жүздесемін деген қиялын ақиқатқа айналдырды.

Санди Бексырға, визажист:

- Дубайда концерты болған, 2018 жылы. *Күтіп, Дубайға бардық, 10 мың адам болды концертте. Ерте барып алғам, алдында тұру үшін. 3 сағат бұрын ерте алдында тұру үшін. Сөйтіп, гүл апарсам бәрі күліп жатыр, алмайдығой гүлді, әлмедік деңгейдегілер гүл алмайды деп.

Нәтижесінде Дженнифер қазақтың қызы ұсынған гүл шоғын қабыл алған. Енді, визажист Лопезды бояндырсам деп отыр. Алайда, Сандимен салыстырғанда Жандостың арманы тым асқақ па дерсіз.

Жандос Айбасов, актер, каскадер:

- Мен үшін Бауыржан Момышұлы батыр. Әрине ол голливуд жұлдызы не актер емес. Бірақ, мен сол кісімен кездесер едім.