Майли Сайрус жаңа альбом

Сообщить о проблеме с эфиром

Есесіне, түрлі хейтке Майли Сайрустың еті әбден үйренген. Азуы алты қарыс ару кейде «отқа майды» өзі-ақ құйып отырады. Жанкүйерлері көптен күткен әнжинағын бүгін таныстырған бикештің сол үнтаспа мұқабасындағы шаш үлгісінің өзі «сын таққыштарға» алты айлық азық.

Ал, шын жанашыр тыңдарманы Swae Lee-мен шырқаған «Party Up the Street» , Ghostface Killah мен орындаған «D.R.E.A.M.» тректерін тыңдап, ләзаттана алады. Сылқым, «She Is Coming» атты альбомының толық нұсқасы мамырдың 30-ы күні жарық көретінін айтты. Соңғы бір жылда шығармашылығында мүлгіген тыныштық орнатқан әншінің бұл туындысы нағыз бомба болғалы тұр.