Каили Миноуг 51-жас!

Сообщить о проблеме с эфиром

Каили Миноугтың да, жанкүйерлерінің тағатын тауысып, жаңалығын сарыла күттіріп қойғанына көп болды! Соңғы кездері көзден де, көңілден де «бұлбұл ұшқан» бикеш бүгін 51-жасқа толып отыр. Өнер иесі қазір қайда жүр?

Каилиге естеліктерге толы өткен күндері маза бермей жүргендей! Соңғы кездері әнші даңқы шарықтаған сәттеріндегі бейнежазбаларымен бөлісуді әдетке айналдырған. Миноуг туған күні қарсаңында да, «шаң басқан» мұрағатындағы «Better The Devil You Know» клипін желіге жүктеді.

Каили танымалдылықтың дәмін небәрі 18 жасында аткриса ретінде татқан еді. «Көршілер» телехикаясында төбе көрсеткен ол, «I Should Be So Lucky», яғни «Менің жолым болуы тиіс» әнін жазып, жұлдызы жарқырады. Кейіннен оның тырнақалды альбомынан бастап, әр туындысы хитке айнала берді.

Өнер иесінің ең соңғы жинағы осыдан бір жыл бұрын жарық көргенді. «Golden» атауына ие болған туынды Каилидің 14-ші студиялық альбомы саналады. Өкінішке қарай, туынды аса сәтті шыға қоймады.

Бүгінде бикештің басы бос. Кайли талай рет құлай ғашық болып, махаббат хикаяларын бастан өткерсе де ақ көйлекті қалыңдық атанған емес. Себебі, сүйіктілерінің арасында жүзігі мен жүрегін ұсынған ер азамат табыла қойған жоқ. Жеке өміріндегі сәтсіздіктен болар, өнер иесі соңғы кездері бомонд бас қосқан кештерде төбе көрсетуді сиреткен.