Николь Кидман енді Мерил Стриптың келіні!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Николь Кидман бұдан-былай Мерил Стриптың келіні! Тіпті, «Оскар» иегері екінші анасын кинопремьераға ертіп келді. Сонда, бұл қалай болғаны? Актриса, үшінші мәрте отау құрды ма?

Таңқалмаңыз! Мерил Стрип пен Николь Кидманды тек шығармашылық байланыстырады! Кино саласының қос майталманы «Үлкен, кішкентай өтірік» телехикаясының екінші маусымында ене мен келін рөлін сомдайды.

«Оскарлы» қос бикештен өзге лентада Риз Уизерспун, Шейлин Вудли де басты рөлде. Актрисалар көптен күткен сериалдың Нью-Йорктағы тұсаукесерінде төбе көрсетті. Бұл кеште, арулар аса көңілді.

Риз Уизерспун, актриса:

- Өте қуаныштымыз, себебі талай уақыт еңбектенген туындымыз жарық көрмек. Бұл маусым біріншісіне мүлде ұқсамайды. Оқиғалар одан сайын шиеленісіп, жаңа кейіпкерлер пайда болады.

Риз үшін маңызды сәтте оны қолдауға қызы Ава Филипп келсе, Николь Кидманның жанынан күйеуі – Кит Урбан табылды.

Еске салсақ, «Үлкен, кішкентай өтірік» жазушы Лиана Мориартидың туындысы негізінде таспаланған. 2017 жылы жарық көрген лента, бірден көрерменнің оң бағасын иеленіп, оның жалғасын таспалау туралы шешім қабылданған еді.