Тағы да Төреғали! Атышулы әнші тілшілерден неге бой тасалап жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Төреғали мен тілшілер арасындағы текетіреске тоқтау салу мүмкін болмай тұр. Бұл жолы журналистер сауалына жауап беруден бас тартқан Ұлы дала баласы, БАҚ өкілдерінен бой тасалап қашып кетті. Атышулы әншінің әрекеті дер кезінде камера объективіне іліккен.

Бұрындары БАҚ өкілдерін көрсе ат-тонын ала қашатын Төреғали, қазіргі таңда тілшілермен бірден тіл табысуға тырысып бағады. Өйткені, өнерпаз кезінде талай мәрте журналистермен жанжалдасып, соңы жақсылыққа апармаған еді.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Мен дәл осы БАҚ өкілдері бар, жалпы тілшілер бар, журналистер бар бәрі өзімнің бауырларым. Біз қырандар шың басында жолығады деген сияқты, бізден тек қуанышта жолғамыз ғой, айтыңыздаршы!

Жұбайы мен балаларын жылдар бойы жасырын ұстаған Ұлы дала баласы, жеке өмірі жайлы сауалдар жолданса тосылып қалады, Ал, шығармашылық турасында сұрақ қойсаңыз, жылы шырай танытады.

Төреғали Төреәлі, әнші:

- Шығармашылықта..? О, өте орынды сұрақ! Жаным, жаным әшейін!

Бірақ Төрештің көңіл-күйі Алматының ауа-райы іспеттес, өте құбылмалы. Журналистердің кейбір сауалы жүйкесіне тисе, қолын бір-ақ сілтей салатыны бар!

Төреғали Төреәлі, әнші:

- Көп-көп рахмет!

Жұрт алдына жарқырап шыққанымен, Арапбаеваның да мінезі бар. Қытығына тисесіңіз, ұрыс естіп қаласыз! Сұхбат сәтіндегі кейбір кадрлар сөзіміздің айқын дәлелі.

Маржан Арапбаева, әнші:

-Сізге не болды қайта-қайта? Вы все перебиваете! Как мне встать скажите? Хорошо, брат кеттік, братэлла!

Бірақ Маржанның ашуы шәйі орамал кепкенше! Ал, Анар Батырхан мезі еткен сұрақ – тұрмысқа шығу тақырыбы!

Анар Батырхан, актриса:

- МММ... Кеттім мен! (кетіп қалады)

Инсграм жұлдызының жеке өмірге қатысты сауалдан бас тартуы орынды. Өйткені, бұл бикеш жүрегінің жартысын әлі жолықтырмаған.