«Эйфория»! Дрейк продюсерлік еткен телехикая қаралым жағынан үздік шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал музыкант Дрейк болса, кинопродюсерлікке бет бұрған еді. Рэпердің басшылығымен «Эйфория» атты телехикая көрерменге осы жазда жол тартты. Жасөспірімдердің өмірлеріне негізделген драма, кино сыншылардың жоғарғы бағасына бірден ие болған.

Басты ролді актриса Зендея сомдаған кішігірім туынды тек 8 бөлімнен тұрады. «Netflix» компаниясы ұсынған картина 97 пайызбен сұранысы артқан жобарлардың біріне айналды. Енді телехикая көрермендерге екінші маусыммен оралады деп күтілуде.

Британдық әйгілі «Острые козырьки» телехикаясы да көпшілік күткен туындылар қатарында. Таяуда ғана 5-ші маусымы жарыққа шыққан картина Шелби әулетінің қылмыстық істерін суреттейді. Криминалды драма жаңа бөлімдеріне, 1929-шы жылдардағы дағдарыс кезіндегі оқиғаларды арқау еткен.

«DC Comics» суперқаһармандар жайлы ерешке телехикая таспалады. Алып күшке ие жандардың батырлықтарын емес, олардың қарапайым халыққа көрсеткен зұлымдығы баяндалатын сериал – «Жігіттер» деп аталған. Сюжет желісінде, дәл осы суперқаһармандарды жөнге салатын сарбаздар жасағы құрылады.