Халықаралық коллаборация!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық және корейлік актерлер бірігіп толықметр дайындауда. «Рассечение» туындысы таеквондо философиясы мен екі ел арасындағы мәдени үндестікті бейнелейді.

 

Экранда көптен көрінбей кеткен Асылхан Төлепов продюсер болуға ниетті сыңайлы. Ол киногерлерге аталмыш картинаны түсіру жайлы ұсынысты өзі тастаған. Бірақ әзірге киножұлдыз бұл жобада тек актер ретінде бой көрсетпек.

 

Толықметрде Асылхан Төлепов - Дидар, корейлік Бен Ха Джу - Рю, ал жас актриса Мерей Мақажан - Асия есімді аруды сомдайды. Фильм желісі бойынша аты аталған кейіпкердердің жолы күтпеген жерден тоғысып, cпорт олардың өміріндегі маңызды рухани көпірге айналады.

Мерей Мақажан, актриса:

Осы фильм үшін арнайы мен 2 ай бойы таэквондоға қатыстым. Одан бөлек бір ай бойы кәріс тілін үйрендім. Сондай бір өзінің қиын жағы да, қызық жағы да қатар келген жоба деп айтсам болады.

 

Драма жанрындағы лентаның режиссері - Дәулет Жұмабай. Айта кетейік, картина экшн сахналардан тұрады. Сол себепті, әр актерге арнайы дублерден бекітіп берген-ді. Бірақ:

Мерей Мақажан, актриса:

Маған келген кезде менің дублерім болмады. «Неге менің дублерім жоқ» деп сұрасам, сол кезде жаңағы каскадер кісілер тіпті «Мерей өте күшті төбелесіп жатыр. Мерейде өте күшті шығып жатыр» деп.

Шығармашылық ұжым көктемде Сеул қаласына жол жүруге дайындалуда. Себебі, түсірілімнің қалған бөлігі Оңтүстік Кореяда өтпек. «Бұл туынды екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты одан әрі нығайтатына бек сенімдіміз», дейді жоба авторлары.