Айқын Төлепберген алғаш рет стадионда концерт беріп, солд-аут жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оның бағын жаққан «SuperStar» жобасы. Небәрі 16 жасында шоу-бизнеске аяқ басқан ол бірден танымал болды. «Жалғыз сен», «Корабли», «Как дела» сияқты әндері хитке айналып, өз тыңдарманын тапты. 2003 жылы өнерге аяқ басқан Айқын Төлепбергеннің сахнада жүргеніне биыл 23 жыл. Айтулы күнге орай, кеш өткізген муызыкант алғаш рет стадион жинап, солд-аут жасады.

Айқын Төлепберген, әнші:

Сабақты ине сәтімен дегендей, Шыңғыс өздері хабарласып, «Аға, сәлеметсіз бе! Біз сізге концерт жасап берейік» - деп, өздері шықты. Біз бұл концертті ақша үшін емес имидж үшін жасап жатырмыз.
 

Концерттің дайындығына небәрі бір жарым ай кеткен. Алаңда әншінің соңғы шыққан туындылары мен ескі хиттері бэндтің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындалды.

Шыңғыс Иманбеков, ұйымдастырушы:
360 градус жұмыс істейміз, халық қай жерден отырса да, көрінетіндей. Және техника бойынша жаңа жарықтар, арнайы эффекттерге арналған қүрылғылар көп болады.

Айқын Төлепберген, әнші
Осы концертке арнайы жаңадан әндер жазылды ма?
Жаңадан әндер енді жазылған жоқ. Тек қана ескі әндерім кавер версиялары шығады. Және Жұлдыз жаңа ән жазды. Өзі сөзін жазған регитон стиліндегі ән.

 

Бұл кеште Шиза да өнер көрсетіп, алаңдағы аруларға ән арнады. Музыкалық чарттарда 1-орынды бермей, әлеуметтік желіде миллион қаралым жинаған тректі Айқын екеуі бірлесе орындады. Одан бөлек, кеш қонақтары қатарында – Аргоня мен Қанай болды. Айтпақшы, тегін Төлепбергенова деп ауыстырған Жұлдыз әлі декреттік демалыстан шықпағанын айтып, «Отағасы қолқа салған соң ғана, ән айтуға келісім бердім», – дейді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:
Кішкене жатырқап тұрмын, үлкен осындай концерттерге қатыспағалы біраз болды. Алдыңғы жылдан бері жатқан ән болатын сандығымызда шаң басып. Концерттің алдында тез-тез өңдеп, бүгін тыңдарманға тарту етеміз.

Argonya, музыкант:

Бүгін біз негізі жаңа ән шығарғанбыз «Самолет» деген. Оны бүгін біз презентациясын жасайын деп едік. Бірақ, өкінішке қарай техникалық ақаулар бойынша сәл үлгермей қалдық.

 

«Жарнама жағын да назардан тыс қалдырмадым. Уақыттың тығыздығына қарамастан, шақырту бокстарын өзім тараттым», – дейді музыкант. Сондай-ақ, Төлепберген-тегі алдағы гастрольдік турне жоспарына Шымкент пен Батыс өңіріндегі қалаларды да енгізген. Десе де:

Айқын Төлепберген, әнші:
Біздің әншілер мысалы Оңтүстікке көп жоспар құрса, мен мысалы Павлодар, Қостанай, Петропавл, Көкшетау деген қаларға көп барамын. Сол жақта тыңдарманым көп.

 

Көрерменнің толассыз қошеметі, жанкүйерлерінің әнді қосыла шырқауы – мұның бәрі бұл кештің көркін қыздырды. Тіпті, келген халық өнер иесін сахнадан жібергісі келмей, 2-3 ән айтып беруін өтінді.

 

Көрермен пікірі:

Ал енді бүгін Айқынның концертіне келдік, жұбайыммен бірге. Өте керемет өтті!

Анамды концертке өкінішке қарай алып келе алмадым. Бірақ, концерт өте күшті өтіп жаты!

Барлық әндерін жатқа білеміз, бір серпіп көңіл көтеріп қалдық!