Алматыда ресейлік әнші Zivert-тің жеке ән кеші аншлагпен өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, @ais.tv тележүргізуші:

-Атағы жарты әлемге мәшһүр Ресейлік әнші Зиверт, бүгін Алматыда өзінің жеке ән кешін беруде! 12 мың орындық «Алматы Аренаны» лық толтырған өнерпаз сахнаға екі жыл алдын ғана шыққан еді. Біз бүгін сылқымның жеке кешіне арнайы келіп, көптің көкейіндегі сауалдарды өзіне жолдайтын боламыз!

Zivert есімімен танылған Юлия, бүгінде қазақстандық тыңдарманның сүйікті әншісіне айналған. 28 жастағы ресейлік поп-дива өзінің ерекше стилімен көптің көңілін таба білді. Өнерпаз 80-90-шы жылдардағы музыкаға қайта жан бітірді десек жаңылмаспыз.

Zivert, әнші (Ресей):

- Zivert Қазақстанға қош келдіңіз! Осы кештен алған әсеріңізді айтып берсеңіз?

- Тамаша! Бірінішіден, ғажайып өтті. Екіншіден, бұл менің Қазақстандағы алғашқы ауқымды концертім. Сахнаға шығып осыншама тыңдарманның қошаметіне бөленгенде есімнен танып қала жаздадым.

-Қазақстанда сіз белгілі әншілердің бірісіз, «iTunes kz»-та да сіздің әндеріңіз топ үздіктердің қатарында. Қазақстандық фанаттар сізді қалай қарсы алды?

- Қазақстан мені әрдайым құшақ жая қарсы алады. Бұл елдің халқы көңіл көтеруді жақсы біледі. Бірге қосыла ән шырқағандарының өзі қандай мәртебе.

Екі жыл бұрын стюардессалық жұмысын тастап, өнерге түбегейлі бет бұрған Zivert-тің әрбір трегі бүгінде хит! Бейнебаяндары «YouTube» платформасында 50 миллиондап қаралым жинап жүрген әнші, тіпті, отандық өнерпаз M'Dee-мен бірге ортақ дуэт жазған-ды.

Zivert, әнші (Ресей):

-Менің білуімше сіз екі ай бұрын, дебюттық альбом шығардыңыз. Сол жерге M’Dee-мен бірге кірген бір трек бар «Двусмыленно» деген. Осындай коллаборация жасау кімнің идеясы?

- Мен үшін M’Dee-дің музыкасының орны ерекше. Себебі, M’Dee-дің дауысы заманауи бағыттағы менің сүйікті тембрімнің бірі.

M’Dee-мен бірге ән салу Zivert-тің ұсынысы болса керек. Ресейлік әнші өнер жолына алғаш қадам басқан сәтінде, Мадидың тректерін шырқағанын да жасырмады. Сылқым, отандық жас таланттың адал жанкүйері екенін де айта кетті.

Zivert, әнші (Ресей):

- M’Dee мен сені қалай қатты жақсы көретінімді сен білесең!

-Бүкіл әндерініңіз хитке айналады! Осының бір сыры бар ма? Белгілі бір формуласы ма?

-Шынымды айтсам, айтарлықтай формула жоқ. Бастысы, барлығын махаббатпен жасау керек. Егер менің трегім маған және менің командама ұнаса, онда ол тыңдарманға да ұнайтыны анық.

-Қаламдарыңыз бен қағаздарыңызды дайындап формуланы жазам десеңіздер формула жоқ. Құпиясы махаббатта!

- Формула жоқ!

-О, Зивертті қазаша сөйлеттік!

Zivert, әнші (Ресей):

-Филип Киркоровпен хитке айналған әнді көрерменге ұсындыңыз, «LIfe» деген әнді қателеспесем, иә. Бүкіл көрермен қақ жарылды. Бірі мақтап жатса, бірі даттап жатты. *05:41 Осындай кереғар пікірге өз көрқарасыңыз қандай?

-Құрметті хейтерлер, сіздердің барлық мен туралы айтқан пікірлеріңіздің барлығы өздеріңізге тән дүние! Себебі бақытты адам ешқашан өзгеге жамандық тілемейді. Тек көре алмайтын бақытсыз жандар ғана өзгелерді сынауға құмар.

Ресейлік «Муз-ТВ» премиясының «Жыл жаңалығы» атанған Zivert, сәтін салса елімізге қайта келуге құлықты. Әнші, аншлагпен өткен жеке кешінен алған әсерін сөзбен жеткізе алмаймын деп отыр.