Агата Муценице ресми түрде ажырасуға арыз берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы жолы нақты! Агата Муценице ресми түрде ажырасуға арыз берді! Бұл жайында Агатаның өзі күні кеше инстаграмда тікелей эфирде хабарлаған. «Ешқандай у-шусыз тарасамыз ба деп едік. Бірақ болмады. Енді тезірек екі жаққа кету ғана қалды». - дейді ол. Ал Павел Прилучный болса, ақпарат тараған ақпан айынан бері ләм-мим деп жақ ашқан жоқ. Бұған қарап жұлдызды жанұяның жанкүйерлері «жағдайдың бәріне Муцениеце кінәлі» деген болжам жасауда.

Бритни Спирс бойфренді Сэм Асгаримен бірге бассейнде ерекше фотосессия жасады. Әнші жақында ғана карантиннің кесірінен 26 жастағы сүйіктісімен көрісе алмай жүргенін айтып, инста оқырмандарына шағымданған еді. Бірақ олар қалайда кездесудің амалын тапқандай. Бритнидің Калифорния штаты Таузанд-Окс қаласындағы үйінде күнге қыздырынған оларға қарап, жанкүйерлері «Сэм үйқамақ режимін бұзып, Спирске жеткен бе?» деп жазуда.

Көптен күткен «Евровидение 2020» байқауы өтпеді! Оның орнына

46 мемлекеттің басты арналары аталмыш шоуды емес, эфирден «Eurovision: Europe Shine A Light» концертін берді. Кеште жобаның өткен жылғы жұлдыздары мен биылғы қатысушылары вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыстарын айтып, ән шырқады.

Ең жарқын өнер көрсеткендердің қатарында екі дүркін жеңімпаз Джонни Логан, Линда Мартин, Монс Сельмерлев бар. Қалың жұртты тәнті еткендердің арасында, Роттердам филормониялық оркестрі де болды.

Трансляция соңында конкурс келер жылы Роттердамда өтетіні хабарланды.