Әнші Раймның трегі қалай Тик-токтың трендіне айналды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Раймның «Двигаться» атты трегі Тик-токта – тренд. Ән Ольга Бузованың өзін билетті! Ал Райымбек Бақтыгереевтің бұл жетістігін Ninety one тобы қайталай ала ма?

Ресей жұлдыздарының өзін билеткен Раймның бұл трегіне бүгінде 290 мыңнан астам адам ролик түсірген. Бақтыгереевтің өзі туындысы танымал болып, дәл осындай жетістікке жетем деп еш ойламаған-ды!

Райм Бақтыгереев, әнші:

- Двигаться әні менің 2018 жылы шыққан «О2» альбомының ішінде болатын. Әрине, біздер қай-қай жетістікке қуанамыз.

Ал тректің бағын жаққан қырғыз елінің азаматы екен. Ол туындыны өзінің жаттығу жасап жатқан видеосына қолданып, бейнеролик таспалаған. Нәтижесінде «Бокс биі» ойламаған жерден хитке айналып, трендттен түспей келеді.

Райм Бақтыгереев, әнші:

-Тик-токта менің білуімше бір қырғыздың жігіті сол биді билеген, содан кейін ары қарай басқа да жұлдыздар, ресейлік жұлдыздар, барлығы осы әнге билеп, бұл трендке айналған.

Раим сынды туындысын Тик-ток төрінен көргісі келетін жұлдыздар жетерлік! Мәселен, Say Mo да өз әндеріне видео таспалап, тыңдарманына жиі челлендж жолдайды. Мөлдірдің биін әзірге Ольга Бузова қайталамаса да, өз жанкүйерлері арасында танымал.

Dequine де, Say Mo сынды тик-ток арқылы әнін кеңінен насихаттауды қолға алған. Әншінің жанкүйерлері «Золотом» әніне түрлі ролик түсіріп жатыр.

Әрбір туындысы сөзсіз хит болатын 91-ліктер де тик-ток қолданушылары! «Lie» трегі шыққан бойда, жігіттер аталмыш әнге бірдей билеп, видео жүктеген болатын. Роликті 500 мыңға жуық көрермен тамашалап, найнти уандықтардың бастамасын іліп алып кеткендер де көп болды. Бүгінде 10 мыңнан астам адам «Lie» әніне видео түсірген.