Қыз ұзатып жүрген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Халық арасында шоу-бизнес өкілдеріне қыздарын ұзатқызу трендтке айналғаны қашан. Тіпті, әртістер арасында бұған табыс көзі ретінде қарайтындар көп. Мәселен, бұл күндері Салтанат Бақаева сұраныстағы той әншілері қатарында. Өнер иесі «Әгугай, құрбым» думанды кештерде мұншалықты танымал болады деп ойламадым», - дейді.

Салтанат Бақаева, әнші, актриса:

-Маған әр түрлі сындар айтылады. Салтанат, сен жассың деп те айтады. Мен енді бұл әнді әдейі қыздарды ұзатамын деген мақсатпен шығарған жоқпын. Шыны керек, өзімнің құрбыма арнап жазған болатынмын.

Сондай-ақ, Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина, Ақбота Керімбекова, Дана Кентай да қыз ұзатып, қуаныштан табылып жүр.

Аруларды құтты орнына қондыруға шоу-бизнес сұлуларынан бөлек, жігіттер де атсалысып жүрген жайы бар. «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әуел баста бұл қылығынан аздап қымсынғанын айтады. Десе де, елдің «еркекке тән емес» деп таққан сынына, өнер иесінің еті үйренген көрінеді.

Айдар Тұрғамбек, «Жігіттер» квартетінің мүшесі:

- «Меломен» тобы осылай шығарып салып жүр. Өткенде Жігер Ауыпбаев жалғыз өзі сондай ән жазамын деп қалды. Асан Пердешов естіп қалғаным.

«Ұзатуға ұсыныс көбейіп, қалтасы қалыңдай бастағанда шабытым шарықтады», - дейді Айдар. Өнер иесі бүгінге дейін 2000-нан аса аруды алтын ұясынан ұзатқан. Енді ол қарындастарын құтты орнына қондырудан бөлек, әндерімен өзге де дәстүрді қамтымақ.

Айдар Тұрғамбек, «Жігіттер» квартетінің әншісі:

-Ақыры осы тоймен нәпақа тауып жүргеннен кейін неге соны барлық бағытта айтпасқа деген ниетпен осы сүндет той, тұсау кесер, ұзату, үйлену той, одан кейін ата-ананың 60 жас, 70 жас дегендердің барлығына ән жаздым.