Milan fashion week-тің биылғы маусым ұсынары не?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы сәтке дейін құпияның құлпын ашпаған қос бренд ерек каллобарацияны «Fendace» деп атаған-ды! Сәнгерлердің серіктестігі аясында

Донателла Версаче Fendi-ге жаңа дем бергісі келсе, Ким Джонс Versace-дың үлгілерін өз бетінше әзірлеп шығарған.

Fendi-дің жаңа топтамасы өз кезегінде жылтыр көйлектер мен белдемшелер, жібек маталы киімдерге бай болды. Versace үлгілеріне қарап та, қарапайым деп әсте айта алмаспыз!

Ал сән сахнасында 1990-жылдар мен қазіргі сұраныстағы модельдер тоғысты! Наоми Кэмпбелл, Амбер Валетту, Кристен Макменами бастап, Джиджи Хадид, Стелла Максвеллге дейін мінберден жүріп өткен еді.

Еске салсақ, бұған дейін Донателла Версаче өз сән үй атынан топтамасының тұсауын кескен еді. Milan Fashion Week-ке келген жұрт Versace туындыларына тиісті бағасын беріп қойған-ды. Тіпті, әсемдік шарасы әсерлірек болу үшін, дизайнер сахнаға әнші Дуа Липаны шығарған болатын.

Бұл жолы беделді бренд түстерге келгенде қиялына барынша ерік бергендей! Келер көктем трендтте болғыңыз келсе, ашық-шарқын реңктерді таңдаңыз. Сарғылт, көгілдір, күлгін, жасыл және фуксия, сөзсіз сәнқойлардың көңілін көтерер.

Бұл күні де Наоми Кэмпбелл бастаған топ модельдер сән мінберінен табылды!