«Yolo House» әлем бойынша ең танымал Tiktok хаус атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Небәрі бір жылдың ішінде 20 млн-нан аса оқырман жинаған «Yolo House» тик-токта ректен түспейді! 7 мемберден құралған топты ағайынды Асхат пен Азат Халимовтар ашқан. Ал бас продюсер «Jokeasses» командасының мүшесі Бексұлтан Қазыбек. Креативті жастар өздерінің сұранысқа ие болуын былай деп түсіндірді:

«Yolo house», тикток ұжымы:

– Бір жыл бойы біз тоқтаусыз еңбек еттік. Таңертең азамен ерте тұрамыз, түрлі видеоларға идея іздейміз. Барынша креативті болуға тырысамыз. Жетістіктің сыры осы деп ойлаймын. Ешқашан ерінбеу керек, жалқауланбау керек.

«Yolo House» мүшелері алғашында америкалық тиктокерлерге еліктегенін жасырмайды. Алайда өнерлі қыз-жігіттер кумирлерін басып озамыз деп оймаса керек.

«Yolo house», тикток ұжымы:

– Біраз уақыттан бері топ үздікте тұрған америкалық «Hipe House» бар. Біздің мақсатымыз солар сияқты аудитория жинау болған. Бірақ бүгінде оларды 3 есеге басып оздық. Өзге хаустар бізге бәсекелес емес, тек мотивация сыйлайды.

Еске салсақ, дәл осы «Yolo House» мүшесі Хомяк лақап атымен танылған Алина Ким таяуда ғана 35 млн фолловер жинап, ТМД бойынша ең танымал тиктокер атанған еді.

Ал күллі әлемге танылғанYolo House-тықтардың жоспарлары жеткілікті. Тиктокерлер сәтін салса, алдағы уақытта шетелдік өзге хаустармен коллаборация ұсынбақ ниетте.

«Yolo house, тикток ұжымы:

– Әрине біз барлық коллаборацияға дайынбыз, ашықпыз. Әзірге каратиндік шектеулерге байланысты алдын-ала біле алмай отырмыз ғой. Бірақ барлық жаңалықты бақылап отырыңыздар!

Тиктокерлер тіпті, бұл мақсатта шетелге көшуді де ойластырып отыр.