Әли мен Ayree-де жаңа фит! Олар бейнебаяндары қаралым жинай алмай қалады деп неге қорқады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- «Саған ғана ашылып айтқым келеді бар сырымды». Бұл - Әли Оқапов пен Айридің «Асығамын» трегінің мәтіні. Әннің жарыққа шыққанына бірер күн болды. Ал, бүгін олар ізін суытпай осы фитке арналған бейнебаян таспалап жатыр. Бұл туынды ғашықтардың трендіне айнала ала ма? Орындаушыларынан сұрап көрейік

Ayree, әнші:

- Мен тик токта отырамын, Әли тик токта отырмайды. Қанша айтсақ та. Енді барлығы тек қана тыңдармандарымыздың қолында. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді деген ойдамын.

Әли Оқапов, әнші:

- Кей кездері әншілер өкінішке орай менің ойымша тик токта жарсын деп әдейі сондай әндерді жазады. Бірақ сол ойдан бастап бірден өнер өледі деген мен үшін сезім. Яғни, ол таза коммерцияға айналады. Ал бізде ондай мақсат жоқ, жарса, жарады, жармаса жарайды.

- Ал өзіңіз неліктен тик токта отырмайсыз әлде уақытыңыз жоқ па?

Әли Оқапов, әнші:

- Жоқ, оған уақытта емес мәселе, мен түсінбеймін. Шынымды айтсам, түсінбеймін. Мен негізі бір рет кіріп регистрация жасағанмын, содан бері кірген жоқпын.

Әли инстаграмда да аса белсенді емес. Әлеуметтік желілерден алшақ болуының өзіндік себебі бар. Ол негативті пікірлерден шаршаған.

Әли Оқапов, әнші:

- Кез келген посттың астында біреулер аталмыш ата-анамыз туралы бірдеңені айтады. Біреулер орысша бірдеңені айтсаң, неге қазақша сөйлемейсің дейді. Қазақша айтсаң, неге түсініксіз дейді. Әйтеуір тырнақ астындағы кірді табуға болады. Әсіресе, сен халық әртісінің ұлы болсаң.

Айта кетейік, Әли мен Айри – мектеп қабырғасынан жақын достар. Оқапов музыка мектебінде Әйгерімнен 2 сынып жоғары оқыған.

Ayree, әнші:

- Әли деген біздің мектебіміздің жұлдызы болған. Қыздардың бәрі ғашық болған Әлиге.

Әли Оқапов, әнші:

- Біздің мектеп музыкалық мектеп болса да бірақ біздің мектепте әншілер болмайтұғын. Неге екенін білмеймін, бірақ көп балалар болса да әншілер болмайтын бізде. Солардың арасынан мектеп кезінде жарып шыққан Айри болды. Күзгі балл ма немесе ғашықтар күніне ма сондай бір концерттердің бірінде Айри өзінің әнші екенін көрсеткенде бәріміз таңғалып қалдық.

Қос талант: «Бүгінде заманауи тенденцияларға ілесу оңайға соқпайды»-дейді. Мәселен, бейнебаяндардың Youtube видеохостингінде қаралым жинауы қиындағанын айтады. Сондықтан да, клиптің сапасына баса назар аударуда.

Әли Оқапов, әнші:

- Кезіндегідей өкінішке орай қаралымдар жинай алмайды. Ол енді анық нәрсе. Кезінде біздің әншілер көп болса 1 аптаның ішінде миллионды жеңіл жолмен-ақ жинап алатын.

Ayree, әнші:

- Біз рилс түсіріп жатырмыз, тик ток түсіріп жатырмыз. Барынша енді тырысып. Рилсты енді көрген шығарсыздар, Әли мотоциклда, өзі водитель, мен пассажирмін.

Айдана Шалқар, @aiudna

Бұл фит көп ұзамай хитке айналуы мүмкін. Себебі, көріп тұрғандарыңыздай Әли мен Айри жанын салып, бейнебаян түсіріп жатыр. Клип әлеуметтік желілерде мейнстримге айнала ала ма? Уақыт төреші.