ННН-нің туған күні қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін ННН-нің туған күніндеміз! Блэк анд уайт пати!

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Биыл енді басқаша стильде көрдік. Фуршет. Дастархан болмайды. Фуршеттен алады да, отырады. Тұрып тұрады және ерекшелік тілек айтылмайды.

– Аз қаражат жұмсамайтыныңды білеміз. Өйткені жылдағы туған күніңнің көрерменіміз. Куәгеріміз. Биыл қанша миллион кетті?

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Негізі осы жері ғана тарап кетеді да «Нұрдәулет осындай ақшаға» деп. Неге сұрайтынын білмеймін. Бұл туған күнге 10 миллион ақша кетті.

– Айттым барынша қазақи, жейтін нәрсе. Потому что менің достарымның барлығы. Мысалы: оливье салат деген сияқтылар да. Анандай мацарелло дегендер керек емес дедім.

– Артур Давлетьяров кешікпей келген адам. Не алып келдің туған күнге?

- Айтам қазір.

- Жүр кеттік. Ұялдырады Сымбат. Бұл сондай.

– Екінші пунктуальный адам. Кешікпей, пробкаға түспей қалай келдіңіз?

Мақсат Мамраимов, әзілкеш, актер:

- Мен просто ерте шығам ғой. Пробка болса да ерте шығу керек.

- Бүгін нешеде шықтыңыз?

- Мен бүгін сағат обедтен кейін үште шықтым.

– Бағана асығып дұрыс сұрай алмай қалдым ғой. Не алып келдің туған күнге?

Артур Давлетьяров, әнші:

– Біз деген енді әншілерміз ғой. Әншілер не істейді. Әншілер ән айтады туған күнде.

– Бүгінгі күштің жүргізушісі, шоумен – Қабдол Тілеков. Қайтіп жүргізесің? Не болады бүгін?

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

– Формат еркін. Ешқандай талап жоқ. Туса, блогерлер болып өзіміз әңгіме соғып, ойын ойнап көңіл көтереміз.

- Боқтайсың ба?

- Жоқ. Ондайға жоқпын негізі. Боғауызсыз да күлтірте алам. Шүкір, істеп тұр юморым.

- Күлтірші ал.

- Ақша төле. ННН нормально төлеп жатыр маған.

– Бүгін не алып келдің туған күнге?

Dakentiу, блогер:

– Енді Нұрдәулет маған туған күніме крид одеколон әкеп берген Еуропадан. Миланға барған кезде сол жақтан. Менің бірақ ондай фантазиям жоқ. Чисто ақшалай ғой біздікі.

- Менің фантазиям жоқ дегенде, мен сол кридты өзіне қайта сыйлайын деп жатырмын дейтін шығар деп.

- Жоқ, сеуіп жүрмін. Иісі шығып тұр ма?

- Кешір, кешір...

- Автоматический иіскеп кеткені ше.

– Бүгін НТК-да тағы да эксклюзив! Қанай бүгін жарымен бізге алғашқы сұқбатын берейін деп жатыр. Бүгінгі дресс код блэк анд уайт пати. Кім кімге образ таңдап берді?

Qanay, әнші:

– Біз өз өзімізге образ таңдадық. Кеше келісіп қойғанбыз, кім мықты таңдайды екен деп өзарамызда келістік. По моему әйелім ұтып тұр. Вкусы күшті менің әйелімнің.

- Жетісайлықтар, күйеубаланы мощно таңдапсыздар.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Туған күн түнге дейін жалғасары анық. Өте қызық болып жатыр. Нұрдәулетті төл мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз.