Бір ән – 45 млн теңге! Кенжебек Нұрдолдай шығармашылығын қалай монетизациялады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Оның «Шоколад» әні TikTok-тың басты трендіне айналып, әлемдік iTunes-тің топ тректер тізімінде тұрды. Бірақ, ұзақ уақыт орындаушысының кім екені беймәлім еді. Бұл хит авторы – Кенжебек Нұрдолдай екенін білгенде оның фанаттар армиясы екі есеге өсті. Біз бүгін оның жеке ән кешіндеміз!

Кенжебек Нұрдолдай, әнші:

- Негізі қобалжу деген нәрсе менде әр өнер көрсету барысында болады. Ол нәрсесіз әнші әнші емес деп ойлаймын өз басым.

Әнші бұл кеште жалғыз болмады. Концертте Кенжебектің достары да өнер көрсетті. Сахнада фит орындап, келген көрерменді ерекше эйфорияға бөледі.

Qanay, әнші:

- Біз Кенжебекпен алғашқы танысқан кезіміз қасиетті жер Меккеде, Мекке қаласында таныстық. Өзі айтқандай, ол махаббатымен сол жақта танысты, менімен де танысты \смех\ Сол жақта танысып Алланың қалауымен, жақсы дос болып, сол жақтың тамағын бірге жеп, бір суын ішіп, бі рдиванда ұйықтағанбыз.

- Кенжебектің репертуарындағы сүйікті әніңіз қандай? Орындап беріңізші

- Будь моим обрядом дейтін әні күшті.

Yenlik, рэпер:

- Кенжебектің шығармашылығын 2 жыл бұрын Монро көрсеткен болатын инстаграмнан. Содан кейін Қызылорда қаласында концертте жақынырақ танысып, дос болып осы концертке шақырылған болатынмын.

«Шоколад» әні Кенжебек Нұрдолдайдың өнердегі есімін қалыптастырған болатын. Айта кету керек, аудио визуал Youtube видеохостингінде 31 млн қаралым жинаған.

Кенжебек Нұрдолдай, әнші:

- Аллаға шүкір, дүние келіп жатыр, монетизация оның бәрі жасалған.

- Ал егер құпия болмаса, 1 айлық табысыңыз қанша?

Кенжебек Нұрдолдай, әнші:

- Осы статистикаға байлансақ, осы 1 жылдың ішінде тек қана «Шоколад» әні 45 млн теңге әкеліп тұр ғой.

Еске салсақ, жарты жыл бұрын Кенжебектің шаңырақ көтергені жайлы ақпарат желіде тараған еді. Десе де бұл жалған той болып шықты.

Кенжебек Нұрдолдай, әнші:

- Бұл нәрсе съемка болатын. Прям ондай үйленіп деген сияқты ондай әңгіме болған жоқ. Осы жақында ғана мен осы неке қидым қазіргі таңда. Енді отбасым бар десем болады.

- Демек, сонда жазда болған той ол жай ғана түсірілім ба әлде қалай?

- Түсірілім

- Неліктен олай болды?

- Өйткені, бұл дейтін бұйырса бұның сырын «Шоколадтың» бейнебаяны шыққан кезде білетін боласыздар.

Оның жүрегін жаулаған ару мүлде басқа қыз. Некелескен жары өнер адамы емес. Әншінің айтуынша, бүгінде келіншегі үй шаруасымен айналысады.

Кенжебек Нұрдолдай, әнші:

-Біз дейтін Мекке қаласында жолыққан болатынбыз. Сөйтіп сонымен әрі қарай отбасы құрып кеттік.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Осымен Кенжебек Нұрдолдайдың соло концерті өз мәресіне жетті. Әнші жаңа жылға жоспарым көп дейді. Ендеше, Кенжебектен қуанышты жаңалықтар күтетін боламыз!