Назар Шархан жадынан жаңылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Назар Шархан түрмеге түсті. Тар қапаста отырып жадынан жаңылды. Енді өзінің атын да, затын да білмейді. Біз бүгін премьерасына келген психологиялық триллердің сюжет желісі дәл осындай. Фильмді алғашқы көрермені қалай қабылдады? Бірге білейік.

«Тор» - ізлігік пен зұлымдықтың айқасы. Ақ пен қараны ажырата алмаған бейбақтың жанайқайы. Жан дүниесі торға тұтылып қалған адамның тағдыры. Басты рөлде – Назар Шархан мен Жандос Айбасов. Психологиялық триллер әр көрерменін терең ойға жетелейді. Шытырман оқиғадан кез-келген жан өз бейнесін, болмысын табады.

Назар Шархан, актер:

- Менің өзімнің ішкі тұжырымдамам бойынша трактовка дейді ғой, барынша шынайы өмір емес абстракция, адамның ішкі жанының торы. Иман мен нәпсінің шайқасы. Екеуінің бір торда отырып, содан тұтылу күресі.

-Программист пен финансисті оқыған адам дәл осындай рөлді алып шығады деп ойлаған жоқпын шыны керек?

- Енді көрермен өз бағасын бере жатар. Қазір алдын-ала ештеңе айта алмаймын. Фильм енді көрерменге барынша терең ойлауға, жарқын пікірлеуге алып келеді.

Назар Шархан, актер:

- Ұсыныс қалай түсті?

- Осыдан 2 жыл бұрын, 3 жыл бұрын десем де болады Витаталий маған осындай сценарий бастадым, түсуге қалай қарайсың, мен сені басты кейіпкер ретінде ұсынғым келіп отыр деп.

Виталий Кичатов, режиссер:

- Назар менің өмірдегі досым, оған қоса, фильмді таспалаған командағы мамандар бәріміз жақсы араласамыз. Ортақ миссиямыз бір. Ол сапалы әрі мағыналы жоба жасау.

1,5 сағат бойы бір ғана локацияда, тек бірнеше актермен ғана таспалаған лентада Жандос Айбасов та бой көрсетеді.

Жандос Айбасов, актер:

- Қатты кетіп бара жатсыз сіз, Жәке) Рөлдеріңіздің салмағы күннен күнге ауырлап, көбейіп бара жатыр.

- Білмеймін енді, келісуге де болады. Бірақ менің ойымша мен одан да жақсы жасай аламын. Одан да көп жасай аламын.

- Трейлердің өзін көру ауыр. Түсірілім жұмыстары қалай болды?

- Бұл локацияның бәрі действияның бәрі бір жерде. Есімде жоқ қанша күн түсіргеніміз, бірақ бір 15 күндей түсірдік.

Мақсат Сәбитов, актер:

- Айтады ғой штамп деген нәрсе бар ғой өнерде, сол штамп деген нәрсеге ілініп қалмас үшін, образдарымызды ауыстырып, барыншы өзіміздің актерлық шеберлігімізді шыңдап, әртүрлі образда өзімізді көріп, байқап жатырмыз.

Akha, әнші:

- Идеалогиясы осы вообще посылы маған ұнады, күшті істелген. Кича респект.

- Қандай ой түйдің?

- Өзімізден бастау керек. Бірінші іштей қазіп көру керек сияқты өзімізді. Себебі әлемді өзгерту өзімізден басталады.

Дәстен Шәкіров, актер:

- Кино өте әсерлі өзім де қазір әсер алып тұрмын осы жерде. 1-2 күнде қорыту керек деп ойлаймын.

- 1-2 күн бойы осы фильмді ойлайсыз ба?

- 1-2 күн ойланамын ия, 1-2 күннен кейін келіңіз, айтып беремін.

- Қай жаққа барайын...

- Адрес сосын сізге айтамын.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- «Тор» - Назар Шархан, Жандос Айбасов, Мақсат Сәбитов сынды мықты актерлық кастпен, біздің көрерменге жат тың жанрмен бокс офис көшін бастай ала ма? Экран көрсетеді.