HammAli & Navai-дың Алматыдағы концерті қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- «Пустите меня на танцпол» Біз бүгін Арена сахнасында рэп пен лириканың тандем құруына куә боламыз. Себебі әйгілі ресейлік рэп-дует Hammali мен Navai дәл қазір Алматы төрінде тыңдарманмен жүздесіп жатыр.

Александр Алиев пен Наваи Бакиров! HammAli & Navai-дың сахнада жүргеніне 7 жылдан асты. Олар – Forbes-тың 30 жасқа дейінгі ең табысты Ресейліктер тізімінде көш бастады. Шығармашылықта - Тимати, Егор Крид, Эмин Агаларов сынды әншілердің зор қолдауына ие. Өзгенің демеуінсіз-ақ әр трегі хит. Мәселен, «Птичка» синглы чаттардың үздік ондығынан – 497 күн бойы түспей тұрды. Нәтижесінде, 230 миллион рет тыңдалған.

DINAYA, әнші:

– Әріптестерімді әрқашан қолдауға тырысамын. Оған қоса, фанатымын деп те айта аламын, әндері ұнайды. Особенно «дура потому что»... не знаю, почему она мне нравиться...

- «Дура потому что» әнін айта аласыз ба?

Damelya Sweet, блогер:

- Баршаңызға сәлем НТК!

- Ұнап жатыр ма?

- Хаммали Новоидің концерті керемет өтті Алматыда, маған өте қатты ұнады.

- Эмоция ала алдың ба эмоция?

- Күшті эмоция, я не слышу, но күшті эмоция.

- Бұрыңғы ғашығыңды еске алып кектен жоқсың ба?

- Жоқ.

- Қайғыратынр концерт қой, қайғыратын.

- Просто страдать етеміз ғой. У них песни знаешь прям жүрекке тиетін әндер да.

Олар – шоу жасаймыз деп аптықпады. Таң қалдырамыз деп талпынбады. Жәй ғана 2 сағат үздіксіз, live band-пен жанды дауыста хиттерін шырқады. Сөйтсе де, тыңдарманы жігіттерге дән риза.

Hammali мен Navai-дің жанкүйерлері:

- Қай уақыттан бері фанатысыңдар?

- 2020-шы жылдан бастап.

- Қандай әні сендерге қатты ұнайды?

- «Без тебя», «Пустите меня на танцпол»

- «Пустите меня на танцпол»

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

- Жігітсіз келген біртүрлі болды да өзіме.

- Қиялға батып, түйй, жас та келді, осындай концерттерге бір сүйіктімді құшақтап отсам ғой деген сияқты бір момент болды. Енді душевный концерт болды шыныда да.

Еске салсақ, HammAli & Navai дуэті былтыр тараймыз деп жұртты дүрліктірген еді. Қоштасу альбомын шығарып, соңғы турларын өткізді. Олар өз алдарына бэнд құрып, өздеріне альтер эго жасағысы келген. Алайда жігіттердің бұл мақсаты орындалмады. Себебі, тыңдарман өнерпаздардың тандеміне үйреніп қалған.