Жыл хайпы! Осы жылы ел аузынан түспеген кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

2025 жыл даусыз өтпеді! Фильмі жарық көрер алдын, жеке өмірі жайлы ашық сұқбат берген Мөлдір Мұқанды қолдағандар да, даттағандар да табылды. Кинопродюсердің қарызға батып түсірген «Шәй в большом городе» толықметрі өкінішке қарай көңіл көншітерлік нәтиже бермеді...

 

Мөлдір Мұқан, кинопродюсер:

Сұқбатқа барардың алдында Тұрсынбек мырзаға жаздым. Ол кісіден кері жауап болған жоқ. Алдынан өттім десем де болады. Мені талап жатыр да. Талап. Мен әрі қарай бұл құпияны сақтап тұру мүмкін болмай қалды.

 

Ал Дариға Бадықованың «Ыстық ұясы» 1 миллиард 754 миллион жинап, кинопродюсер ауқатты тұлғаларды жариялайтын басылымның мұқабасынан бір шықты. Картина көрерменге жол тартар алдын елді дүрліктіргендердің қатарында кино жұлдыздың экс-күйеуі де бар еді. Алайда біреудің тағына талассаң да, бағына таласа алмассың...

 

Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:
100 пайыз айтам менің жарамды шығарды бұл кино. Осыдан 3-4 күн бұрын тексергенбіз киноны. Сол кезде жыладым, бірақ бірдеңе қысылып қалды ғой деймін, 2-3 күнге дейін жүрегім ауырып жүрді.

 

Бұл оқиғалардың ізін суытпай, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы жайлы жағымсыз жазбалары болды. Фариза Алмазқызы да қарап қалмады. Ол да экс-күйеуіне шағымданатынын айтып, назын білдірді. Мәселенің қалай шешілетіні болашақтың еншісінде...

 

Осы жылдан бастап фонограммаға қатаң тыйым салғаны әншілерді біраз есеңгіретіп жібергендей. Бұл жаңалыққа артистердің көзқарасы екіге бөлінді. Бірі концерт залдарындағы техникалардың әлсіздігін алға тартып, барлығы қаржыға келіп тірелетінін айтып әлек болса, енді бірі:

 

Инстаграм жұлдыздары Бота Миа мен Асқар Оразбаевтың қарым-қатынасы биылғы жылдың үлкен сұрағы болып қалмақ. 2 жыл көңіл жарастырған ғашықтар жақында той екенін мәлімдеп, Парижде ұсыныс та жасалған еді. Алайда күтпеген жерден танымал жұп екі жаққа кетті. Бірақ қайта қосылуға үміт бар секілді...

Асқар Оразбаев, блогер, актер:

Асқар үшін ара-қатынас аяқталды ма? Әлде бұл уақытша үзіліс пе?

Асқар үшін уақытша.

Bota Mia, блогер:

Болашақта былай болады, былай болмайды деп айта алмаймын. Бірақ қазіргі таңда ара-қатынас толықтай аяқталды және үзіліс не болмаса уақытша екі жақтамыз деп айта алмаймын.