Премьера! Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының репертуары тағы бір спектакльмен толықты. Бұл жолы шығармашылық ұжым Гогольдің «Ревизорын» таңдаған.
Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:
– Былайша айтқанда осыны бәленбай жыл бұрын жазса да, әлі де біздің осы әлемде, жалғыз Қазақстанда ғана емес актуалды болып тұр. Сондықтан бұл өлмейтін шығарма. Қазіргі уақытта көріп отырсаңыз, осы заманды көріп отырасыз.
Спектакльдің жанры саунд-драма. Қойылым толықтай лайф-бэндің сүйемеледуімен өтті. Ал сахнада 40-қа жуық актер өнер көрсетті.
Естуімізше сізге бұл спектакльді қою өте қиынға соғыпты. Тіпті, сіз қойған қойылымдардың ең қиыны осы Ревизор екен. Не үшін?
Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:
– Шынымен де өте қиын болды. 9 ай бұрын дайындық басталды. Сондықтан тарс-тұрс еткізіп қойып шығуға да болатын дүние. Оған барлығымыздың әлеуетіміз жетеді. Бірақ, көрерменге өте ерекше бір дүние ұсынғымыз келді.
– 9 айға созылған дайындықта ең қиын процесс қайсысы болды?
– Бізде мына за стольный период дейміз. Спектакльдің концепциясын табу ең қиыны сол болды. Ал спектакль соңғы осы 1 айдың ішінде 20 күнде қойылды.
«Ревизор» шығармасы алаяқтарды әшкерелеп, қара халықтың аңқау мінезін айшықтап көрсететін туынды. Автор бұл пьесада астарлы әзілмен қоғамның асқынған дертін сынайды. Ал режиссер аталмыш пьесаға өзгертулер енгізіп, оны жаңа интерпретацияда ұсынды.
Нариман Елубай, актер:
– Қойылымға келген адам енді түсінеді деп ойлаймын. Дұрыс өмір сүрейік. Яғни кез келген адамдарға сене бермейік. Қандай ігі амалмен айналыссаңыздар да, бірінші зерттеу жүргізіп алып, толығырақ мағлұматты біліп алып, содан кейін барып қайырылымдықтарыңызды дұрыс жаққа жұмсаңыздар.
Шығарманың желісіне көшейік. Ауылға бас сауғалап келген Хлестоковтың өмірі ойламаған жерден 180 градусқа өзгеріп, Ревизор болып шыға келеді. Оған себеп, сол жердің тұрғындары, Иванды басқа адаммен шатастырып алуында. Бұл мүмкіндікті жібермеген айлакердің рөлі актер Нариман Елубайға бұйырған.
Нариман Елубай, актер:
– Бұл жерде енді халықтың өзі кінәлі. Осы ауылдың, осы қаланың тұрғындары өзлері кінәлі. Себебі бір адамды көкке көтеріп, сол адамның артына желеуінше кетіп қалды.
Ал заңсыз әрекеттері әшкере болады деп үрейленген ауыл әкімін Ерлан Кәрібаев ойнайды. Қара басының қамын ойлап, жылдар бойы халықты тонап келген басшы Хлестаковқа пара беруден басқа амалы қалмайды.
Ерлан Кәрібаев, актер:
– Бұл жерде спектакльде 1-2 ауыз сөзбен түсіндіретін емес. Өйткені бұл жерде көптеген тақырыптар тұр.
Алайда алаяққа әкімнің берген қаржысы жеткіліксіз болады. Ол ақшаның буына мастанғаны сонша ессіз әрекеттерге барады...
Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:
– Финалды көру керек. Финал ол біздің қазіргі уақыттағы таза Қазақстан. Финал ол біз. Біздің қоғам. Ол біздің маңайымызда болып жатырған дүниелер. Біз ат салысып жатқан дүниелер.
2 сағатқа созылған қойлылымды көрермен орындарынан тапжылмай тамашалды. Ендеше ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпаған спектакльді жаңа интерпретацияда көру үшін театрға асығыңыз!