Оның әндері құштарлыққа толы. Ал бейнебаянындарында нәзіктігі мен энергетикасы ерекше үйлесім табатын. Көзқарасымен әлемді шарпып өтетіндей әсер қалдыратындығы тағы бар. Бүгінгі әңгіме бір кездері шоу-бизнестің ең жарқын өкілі болған ару – Камшат Жолдыбаева жайлы. Бір кездері деуіміз бекер емес. Әнші осыдан 3 жыл бұрын тұрмысқа шығып, шығармашылықтан қол үзген еді.
Ғазрет Қажымұқанұлы, К. Жолдыбаеваның жары, актер:
– Өзіңіз ғана емес, Камшат ханым да өнерден алыстады. Көпшілігі сіздің шешіміңіз деп жатады. Бұл қаншалықты рас? Біле аламыз ба?
– Әркім әртүрлі айта береді. Бірақ, мен қолдауға дайынмын. Оның жолы бар... Бірақ енді бізде жанұя болғаннан кейін уақыт керек ғой. Басында уақыт керек. Қазір енді байқаған шығарсыздар. Қайтадан жарыққа шығып жатыр.
Камшат ханым бұл аралықта қол қусырып отырмады. Алдымен әйелдерге психологиялық сабақтар өткізді. Кейін кәсіпке бет бұрып, өзінің косметикалық өнімін жарыққа шығарды.
Ғазрет Қажымұқанұлы, К. Жолдыбаеваның жары, актер:
– Камшат Жолдыбаева қашан камбек жариялайды. Сіз жары ретінде қолдап, продюсері болсам дегендей, сондай бір ойыңыз жоқ па?
– Жоқ. Продюсерлік ондай ешқандай ойым жоқ. Сондықтан оның жұмысына ешқандай араласпаймын. Тек қолдауға дайынмын.
Камшат өзінің командасын жасақтап үлгерген. Сондықтан мен өз шығармашылығыма көңіл бөлмекпін дейді Ғазрет мырза.
Ғазрет Қажымұқанұлы, К. Жолдыбаеваның жары, актер:
– Жаңа статусына байланысты, қанша дегемен жарыңыз ғой?
Образына қатысты шектеулер болатын шығар қандай дабір. Әлде шектеу қоймайсыз ба?
– Жоқ өзі біледі толықтай. Ол жерде оған бір бөгет жасайтын ештеңе жоқ. Ондай жағдайда емеспіз. Ол басында ғой. Қазір енді ондай нәрсе жоқ.
Камшат Жолдыбаева тек әсем дауысымен емес, жарқын образдарымен де танымал. Бірақ эпатажды луктарымен орала ма әлде сахналық стилін өзгерте ме, оны уақыт көрсетер. Ал, тыңдарман Жолдыбаеваның өнерін сағынды