Tik Tok live fest! Әлемдегі ең танымал стримерлер бас қосатын ауқымды шара биыл да ұйымдастырылды. 90-нан астам елдің желі жұлдыздары бой көрсеткен кешке Анара Батырхан да шақырту алған. Бірнеше ай бұрын Таиландта өткен байқауда жеңіске жетіп, аталмыш фестивальге жолдама алған аруымыз, «қуанышымда шек жоқ»,-дейді
Анара Батырхан, тележүргізуші, стример:
– Ол жақта айтқан мен бірінші орынды алып тұрмын, ал фестивальге концертке барып, қызыл кілемнен өтіп, сұхбат беруге бардық. Көбі сұрап жатыр «Америкадан қандай орын алдың?» - деп, мен ТМД бойынша бірінші орын алып тұрмын. Ал біз ол жақта атап өттік десек болады. Таиландта өтті, Лас-Вегаста үлкен форматтағы кеш болды.
Анара маңызды шараға тыңғылықты дайындалған. Образын отандық Аруназ сән үйіне сеніп тапсырған. «Шетелдіктерге заманауи нақыштағы ұлттық киімімізді насихаттағым келген еді, қолымнан келді»,-дейді жұлдыз.
Анара Батырхан, тележүргізуші, стример:
– Мен қызыл карпеттен өттім. Мен сұхбат бердім ағылшынша.
Образым ерекше болды, қазақша әшекейлерімді киіп бардым. Көбі суретке түсті, «қай елденсіз, уау!» - деп, өте көп жақсы лебіздер естідім.
Кештің хэдлайнері әлемдік жұлдыз – Деми Лаватта . Шарада өнер көрсететіндер тізімінде біздің Анара да болған екен. Алайда арада түсініспеушілік орын алған соң трек-листтен сызылдым дейді.
Анара Батырхан, тележүргізуші, стример:
– Таиландта ән айтқан болатынмын, Лас-Вегаста айтқан жоқпын. Себебі, қазақша айтамын деп айтқан ем. Бірақ ол жақта ән шырқағанның барлығы ағылшынша айтты. Ал менікі қазақша болған соң тексерістен өтпей қалды. Ал мен бірбеткей адаммын. Қазақша айтам деп тұрып алдым. Сондықтан тексерістен өтпеді өкінішке қарай.
– АВ team-дықтар сүйікті стримерлерінің жеңісіне шын қуанышты. Тіпті Анараға арнайы сый жасаған екен.
Анара Батырхан, тележүргізуші, стример:
– Менің командам бар, АВ team деген. Анара Батырхан командасы. Үйге келсем студия сатып алып қойыпты. Бүкіл апаратура, монитор, барлығы толықтай студия сатып алып берген маған.
Анара мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тик-ток әлемдік сахнаға жол ашады. Мен бұл платформаны барынша тиімді пайдаланып, қазақ ән өнерін дүйім жұртқа танытамын дейді.
Анара Батырхан, тележүргізуші, стример:
– Тиктокта отыратын жандар біледі. Қазір үлкен конкурс келе жатыр. Аnrena деген. Сол жақта бақ сынап жатырмыз.
Байқаудың нақты қай елде өтетіні әзірге белгісіз. Көпшілік Жапония деп жорамалдағанымен, ұйымдастырушылар локацияны құпия сақтауды ұйғарған екен. Әлемнің қай түкпірінде ұйымдастырылса да, қызымыз жеңіспен оралуына тілектеспіз.