Әріптестері тұрмақ, блогерлер де қос-қостан фильм таспалап жатқан кезде, Әбілмансұр Серіков те көштен қалғысы келмейді. Актер кинопродюсер болуға ниеттеніп, әрекет жасағанына біраз уақыт болған. Алайда...
Әбілмансұр Серіков, актер:
– Негізі бастадым продюсерлікті оңай емес екен. 2 жыл болды бастап, көріп жатырмын. Әзірге, бастап кететіндей оған дайын емес екенмін. Иә, сондықтан да кішкене пісіп алайын.
– Қандай кедергілерге жолықтыңыз нақты?
– Енді ондай көп. Бос уәде, жеңіл сөз мысалы. Енді әркім өз пайдасын ойлайтын заманда шынымен де оңай емес екен.
Алайда, Мансұрға бастаған ісін бел ортасынан тастауға себеп болған тек бұл емес.
Әбілмансұр Серіков, актер:
– И жалпы қазір салық қымбаттады анау-мынау. Оның барлығын есептей келе әзірше ол бастапқы айда оңай емес екен. Сондықтан да енді бәрі қаражатқа келіп тіреледі ғой.
Десе де, актер қандай қиындыққа тап болсам да, айтқанымнан қайтпаймын дейді. Мақсатына адал Мансұр, бүгінде арманының жүзеге асуы үшін барын салуда.
– Енді алда өзім кино түсіретін ойым бар продюсер ретінде шығу, өзімді байқап көру. Адамбыз ғой, адам болғаннан кейін, арман таусылмайды. Өскен сайын армандай бересің. Ананы көргің келеді, мынаны көргің келеді.
Түсірілім алаңында өскен Әбілмансұр Серіков бүгінде бірқатар танымал жобаларда басты рөлді сомдап, көптің көңілінен шығып жүрген актер. Ендеше болашақта талантты өнерпаздан талапты продюсер шығады деген үміттеміз.
Әбілмансұр Серіков, актер:
– Қазір интерннет дамыған заман ғой. Бәрі әйтеуір хайт қуады. Бәрі әйтеуір аудиторияны қалайды. Мен өзім өз басым ондай емеспін. Маған ондай қызық емес. Ең бастысы мен өзімнің жұмысымда нақты жасап шықсам болды. Адал еңбекпен.