Нұржан Керменбаев 20 жылдан кейін алғашқы соло кешін аренада өткізбек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сахнада салмақты, өзі жан-жақты Нұржан Керменбаев «үлкен тәуекелге бел будым»,- дейді. Оның айтпағы, 20 жылдан кейінгі алғашқы соло кеші. Кезіндегі бозбала арманы, бүгінде үлкен жауапкершілікке айналған музыкант, жақында Аренаны шулатпақ.

Концертке дайындалып жатыр екенсіз?

Нұржан Керменбаев, әнші:

Иә, концертке дайындалып жатырмыз. Бізде биыл 20 жылдық. 26 қыркүйек күні осы Алматы Аренада кеш бергім келіп жатыр. Олда бір ностальгия кеш болады, ол жағы уәде.

 

Күнтізбеде күз мезгілі алыс көрінгенімен, Нұржан мырза « 3 ай уақытым бар» деп, арқаны кеңге салып жүрген жоқ. Дайындықтың қамына кіріскен ол, «күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан» айрылса керек.

 

Нұржан Керменбаев, әнші:

Мен жалпы қазір студияда түнеп жүрмін деп айтсақ та болады. Күні-түні әртүрлі форматта әндер іздестіріп жатырмыз. Каверлар бар жаңа туындылар бар. Бірақ дегенмен ескі хиттар орындалады.

 

Көрерменді тек шоумен ғана таңғалдыра алатын заманда, Керменбаев концертін қарапайым түрде өткізбек. Оның себебін былай деп түсіндірді.

 

Нұржан Керменбаев, әнші:

Мен ешқандай бір шоу бірнәрсе уәде етпеймін. Бірақ, барынша музыкаға толы әдемі кеш қылуға тырысамын. Музыкаға қатты акцент береміз, каз сол үшін де професионалды мамандарды жалдадық. Солармен каз сөйлесіп жатырмыз, келісудеміз.

 

Десе де, заман ағымынан қалыс қалуға тағы болмайды. Бұрынғыдай, бір жапырақ қағаз іліп, билетті кассаға тастай салумен іс бітпейтінін, Капкарашка өте жақсы түсінеді.

Кеш беретіндер маркетингке өте үлкен қаражат салады. Сізде де солай бола ма?

Нұржан Керменбаев, әнші:

Әрине қазіргі таңда, ол концерттің бір бөлшегі. Баяғыдай шақыру, бір афиша жасай салу болмайды. Маркетинг бар, басқа бар, оған әр түрлі өзінің мамандары бар команда бар. Жалдаймыз міндетті түрде

Тыңдармандарыңыз, жанкүйерлеріңіз келіп, залды лық толтыратынына сенімдісіз?

Нұржан Керменбаев, әнші:

Біз енді ол нәтиже ғой, нәтижеге араласа алмаймыз. Тек тапсырамыз

20 жылдық ескі хиттар қайта жаңғырып, 12 мың тыңдарман бір мезетте өткен шаққа саяхат жасайтыны анық. Нұржан мырза, ностальгияға толы концерт, қыркүйекте сәтті өтеді деп сенеміз!

 

Автор: А. Сауытбек