Жұлдыз Абдукаримова, актриса:
– Күтпеген жерден, әрине. Оны мен де мүлдем ойлаған жоқпын. Менің алда өздеріңіз білетіндей төрт балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз
Биыл Қағаровтың қалыңдығы атанған Адайбекова жеке өміріне қатысты осынау жаңалықты алғаш болып бізбен бөліскен. Тойдың ауылы алыс емес екенін де біздің тілшілерге айтқан еді. Өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын да көрермен біздің арна арқылы білді.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
– Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Отбасылық үлкен бақыт - мүмкін тағы бөпелі болармын. Кім біледі. Қалай бұйырады, солай күтеміз.
Айтпақшы, Айжұлдыз жүзігі мен жүрегін ұсынған сүйіктісіне «иә» дегенін айтып, жаңалықты желіде бөліскенімен Сәкен бұл тосынсыйы туралы бізге шет жағасын айтқан-ды.
Сәкен Қағаров, travel блогер:
– Үш күннен кейін кетеміз. Барлығын инстаграмнан көре аласыздар. Алдымен Лондонға, сосын Исландияға барамыз. Ол жақта оны тосын сый күтіп тұр.
Жас актриса Аделина Ералиеваның да тұрмысқа шығатынын бірінші болып біз білдік. Айтпақшы, Алдияр екеуінің махаббат оқиғасы НТК арнасынан көрсетілген ТТМ фильмінің түсірілім алаңынан басталған. Жақында Уиклиге қонақ болған Асе-та шаңырақ көтеретінін айтып, сүйіншілеткен еді. .
Екінші рет қалыңдық атанған Иманбаевамен де тілдестік. Бұл жолы Айгүл ханым актриса, әнші емес, келін ретінде сұхбат берді. Қызметін қалай атқарып жүргенін енесі бірінші болып бізге айтқан еді.
Ақжан Жайсаңбаева, А. Иманбаеваның енесі, «Айгүл» халық ансамблінің солисі:
– Келінім сондай керекмет, көңілі ашық, ақкөңіл. Өтен қуаныштымын осындай келінім болғанына.
Тойдың қаралымын 1380 теңгеге бағалаған Сакен Майғазиевпен де тілдестік. Қайын ата атанған әнішден келініне қояр талаптарын сұрадық.
Сакен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Құдаларымыз батыстан. Енді кейде қалжыңдап сұраймызғой баламнан: «бөлек шыққыларың келе ма? жоқ мен сіздермен бірге тұрамын» дейді.
Қазақстанға ат басын бұрған шетелдік жұлдыздар да біздің назарда. Фан-кездесулер мен кештерді қалт жіберген емеспіз.
Бурак Озчивит, актер (Түркия):
– Жақында Қазақстанға келіп, қазақстандықтармен ортақ ауқымды жоба істегім келіп жүр. Мүмкіндік болса тың жобалар жасауға дайынмын. Көп рақмет!
Даулы мәселелерде де қалыс қалмадық. Блогерлер мемлекеттен кірісін жасырды деген ақпар тарағанда да сараптама жасап, қос тараптың пікірін назарларыңызға ұсынған ек.
Дарья Александрова, актриса, блогер:
– Осы жаңалықтың әсерінен жағдайым нашарлап, мені бірден дәрігердің бақылауына алды. Өздеріңіз көріп тұрғандай әлі де ауруханадамын.
Ойын-сауық бағытындағы бағдарламада қызмет етуді оңай көретіндер көп. Бірақ спикердің ішкі сырын айтқызу - сары майдан қыл суырғандай қиын екенін біле бермейді.
Дариға Бадықова, актриса:
– Әулет алдындағы жауапкершілік сізді шаршатып, мұқатып, қажытып жібере ме?
– Ол 100%. Әулет алдындағы қарызың. Бірақ мен қарыз емеспін. Ешкім ешкімге қарыз емес. Ешкім ешкімді бағуға міндетті емес. Қазақта қай бауыр мықтырақ, қай бауыр несібесін сырттан теріп жейтін, қай бауыр табыскер болса, сол бауырдың үстіне бәрі мініп алады.
REVUE NEWS – осы маусымда 96 шығарылым дайындады. Көрермен назарына 300-ге жуық бейнематериал ұсынды. 200 мерекелік шарадан ақпар таратты. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмақ емеспіз. Келер маусым да эксклюзивті жаңалықтармен қуантуға дайынбыз.
Alem, музыкант:
– Рақмет НТК, сіздерді жақсы көремін!