Әдемі Пірназар, Ш.Пірназардың қызы:
– Бүгін менің алғашқы қоңырауым. Қоңырауды өзім соқтым. Білім күнім құтты болсын! Танымал ата-аналар қыздарының мектеп формасын мінсіз үйлестірген. «Тұңғышымызға бар жақсыны әперуге тырыстық»,- дейді өздері.
Айжан Жұмабек, Ш.Пірназардың жары:
– Қаражат жағын айтар болсақ аз емес екен. Бізде дәл осылай мектепке дайындалу алғаш рет, оңай емес екен. Бірінші сынып оқушысына шамамен 500 000 теңге… Негізі одан көп кетті. Дөңгелектегенде 500 000 теңге.
Айтпақшы, Айжан ханым Кореяда іс-сапарда болғандықтан мектеп формасын Шерхан мырзаның өзі таңдаған екен.
Шерхан Пірназар, актер:
– Бұл екінші формасы бастапқы формасы, қызым Кореяда болғанда өзім таңдап алып едім, «шамамен шақ болады» деп. Бірақ қызым келгененнн кейін киіп көріп еді, кішкентай болып қалды. Сомен бір жұмысты екі қылдық қой.
Жұлдызды ата-аналар мектеп іздеп біраз сабылған екен. Ақырсоңы таңдау жекеменшік емес, мемлекеттік мекемеге түскен.
Шерхан Пірназар, актер:
– Бірден бізге ұнағаны 175 жаңа ғасыр гимназиясы. Көптеген ата-ана туған-туыс, ағайын-туыстан кеңес сұрадық. Барлығы осы мектепті мақтағаннан соң шештік. Біз 0 сыныпты жекеменшік мектепте оқыдық. Бірақ, мемлекеттің мектебіне жетпейді ғой бәрібір. Бұл мектептің білімі, сапасы жақсы...
Баласын мектепке жетелей жеткендер қатарында Ақбота-Нұр Абайқызы бар. Көпбалалы әке Айдарқұлов мырза да ата-аналық парызын ұмытпай кенжелерін 1-қыркүйекпен құттықтай келгенін байқадық.
Ақбота-Нұр Абайқызы, әнші, актриса:
– Шамамен екі бала болғандықтан шығар, миллионға жуық кетті ғой. Кітаптан бөлек, кітапты енді ұстаздары тегін береді. Костьюм-шалбарлары, мектепке керек құралдары, спорт киімдерін есептегенде миллионның жобасы.
Танымалдардың балалары мектепке осылайша дайындалған екен. Ал жұлдыздар оқу жылына қалай қамданған?
Жансая Мұратбекқызы, стендап-комик:
– Мектепке қалай дайындалатын едіңіз? Сол шақтарға оралайықшы?
– Ойбу, мен мектепке қатты дайындалатынмын. Мен жыл сайын демалыста қалаға кетемін. Негізі демалам деп айтатынмын. Бірақ, ағаларымның, әпкелерімнің балаларын қарап келетінмін. Бірақ бала-шағаға қарап мектеп формасын өз еңбегіммен алатынмын.
Тоқтарбек Серғазы, блогер:
– Базарда киінетінбіз… Картонның үтсінде. «Бол, бол, тез киін!» деп анамыз ұрсатын. Онымен қоймай, өзімізден үлкен киім алып беретін.
Айшолпан Байтүгел, блогер:
– Киім әкелгеннен кейін әкемізге көрсетіп, паоказ жасайтынымыз бар еді ғой…Соны күштілеп айтып беріңізші?
– Неше екенін білмеймін, бірақ аналарымыз киімге кеткен жалпы сомманы айтпайтын еді ғой… Сән көрсетілімін жасайтынбыз. Әкелеріміз: «қаншаға алдыңдар?» десе, анамызға қарайтын едік қой, қанша деп айтамыз дегендей… Көбейтіп айтады ма, азайтып айтады ма, онысы есімде жоқ…Сол кездері анамыз өзіне керек зат алуы керек… Бірақ нақтысын білмейміз.