Ең ауқымды кастинг! «Мошенники-2» телехикаясына 6000-ға жуық үміткер келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

– Дәл қазір BAS pro-ның офисінде «Мошенники» сериалының екінші маусымына ашық түрде кастинг жүріп жатыр. Режиссер Олжас Нұрбай осылайша жаңа актерлерге мүмкіндік бермек!

– Осы кастинг үшін арнайы Тараздан келдім.

– Негізгі мамандығым юрист.

– Бұрын-соңды киноға түспегенмін.

– Мен сол мошенниктің рөлін толықтай алып шығатыныма сенімдімін!

– Міндетті түрде көріңіздер!

НТК арнасы ұсынған «Мошенники» сериалы шыға сала, өз жанкүйерін тауып үлгерген жоба. Авантюраға толы, шынайы оқиғаға негізделген телехикаяның 2-маусымын көрермен асыға күтіп жүргені анық. Ол күннің де ауылы алыс емес. Себебі, сценарий дайын, енді актерлерге кастинг жаряланды!

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Мақсат – көптеген жаңа аттарды ашу. Осы жолы «Мошенники-2»-де одан да көп дебютанттарды ашқым келеді. Мүмкіндік бергім келеді. Себебі, таланттар көп. Біздің көрермен айтып жатады ғой: «Өй, кинода барлық жерде бір актерлер» деп. Оны айтатыны да бар…

– Қандай талаптар бойынша таңдайсыз? Сізді не таңқалдырады?

– Мені таңқалдыратын нәрсе көп емес. Бұл салада жүргеніме қанша жыл болды, таңқалдыру қиын…

Олжас Нұрбай бұл экспериментті өткен маусымда да жасап көрген. Бірақ іріктеуге тек 500 адам келген болатын. Бұл жолы жоба ауқымды масштабты қамтымақ. Демек, рөл де көп, соған сай үміткерлердің саны да жоғары.

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Менің білуімше, күніне 1000-2000 адамнан өтініш келіп жатыр.

– Ал күніне қанша адам қабылдайсыздар?
– Оны қыздардан сұрау керек. Түрлерінен байқалады ғой, бытшыттары шығып жүр.

Қамар Сұлу Шерімқожа, кастинг-ассистент:

– Бізге 6000-нан көп өтініш түсті. Басым көпшілігі Алматы қаласынан емес, барлық Қазақстанның өңірлерінен. Бүгін іріктеудің 3-күні және де 500-ге жақын адам келді. Бізде 20 жастан 60 жасқа дейінгі персонаждар бар. Және де тәжірибесі жоқ адамдардың барлығын қабылдап жатырмыз.

Ең қызығы жаңа есімдер тек қосалқы рөлдерде қалып қоймайды. Басты кейіпкерлердің арасынан да көрініп қалуы әбден мүмкін. Ал кім өтіп-өтпегенін жуырда НТК арнасынан тамашалай аласыздар! Әзірге сіздерге шағын бір спойлер болсын:

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Біріншіден – түсірілімнің белгілі бір бөлігі Түркияда болады. Мүмкін Мәскеуде болады. Тағы енді біздің осы шетелде және Қазақстанда болып жатқан, талай әлі біз бірінші сезонда айта алмаған схемалар бар. Екінші сезонда ИИ-ге көп көңіл бөлеміз. Оның қаншалықты қауіпті, мошенниктердің алдында қандай мүмкіндіктер ашылғанын көрсетеміз.