Рамазан Амантай артық салмақтан арылуға бел байлады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рамазан Амантай артық салмақтан арылуға бел байлады!

 

Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:

– Әлеуметтік желіде сізге тіркелгенбіз. Арықтауды қолға алған екенсіз. Айтып беріңізші?

– Бұған қанша рет талпындым ғой. Елдің алдында толдым, елдің алдында азайын деп шештім. Қазір ем алу үстіндемін. Шыны керек бірден диетаға отырып кете алу қиын. Емделу арқылы бірінші, толыққанды гармондар бұзылуы, инсулин көбеюі деген сияқты көптеген ақаулар бар екен денсаулықта. Соны бірінші реттеп алайық.

 

Актер дәрігер бекіткен күн тәртібіне бағынып жүрген көрінеді. «Шығармашылық адамның жұмысы уақыт талғамайтындықтан кейде ережені бұзуға тұра келеді»- дейді. «Бірақ маманның айтқанын міз бақпай орындасам 22 келіден 1 айда арыла аламын»- деп отыр.

Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:

– Қазір неше келі артық салмақтан арылдыңыз?

– 158 ден 4 келідей. Алдында 8 келі тастадым да бірден қайтадан қосып алыппын. 4-5 келі шамасындай ойнап жүрмін. Қазанның 10 күні үлкен жобам басталады, соған дейін уәде бергем 137 кг болуым керек...

 

– Көпшілігі бұл шешімге келуіне жұрттың сөзі әсер етті деп болжап жатыр. Бірақ Рамазан қозғалуым қиындап, ұйқым бұзылғандықтан «өзімді қолға алуға шештім»- дейді.

Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:

– Ал әйеліңіз артық салмақтан арылсаң, арықтасаң деген өтініштер айтты ма? Әлде бар күйіңізде жақсы көре ме?

Әйелім томпақ боп тұрғанда тұрмысқа шықты ғой маған, мынадан арық болдым, бірақ томпақ жігітке тұрмысқа шықты. Қатты хейт жасамайды, бірақ бауымды байлай алмай жатқанда, түн ұйқым төрт бөлінгенде жаны ашып айтады «арықташы» деп..

 

Мақсаты айқын кинопродюсерге сәттілік тілейміз. Таразыға тұрғанда көз қуантар сандар сөйлесін.