1:0! Орталық стадионда тартысты футбол ойыны өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанкүйерлер пікірі:

Ақтөбенің кез келген матчында солдаут болады. Ал Қайратта Реал келгенде, сосын Ақтөбе келгенде солдаут болады ғой.

Талай Қайраттың фанаттарын көрдік. Олар бізге аларып қарап жүр. Не үшін екенін мен оны түсіне алмадым...

Бір-бірлерін көре алмаушылық бар.

Алға Ақтөбе!

 

Бітпейтін тартыс! Қайрат пен Ақтөбе футбол командаларының өзара ойынынан бөлек, жанкүйерлері де әрдайым өзара тартысып жатады. Күні кеше Қазақстанның Эль-Кла́сикосы болып кеткен 2 қарқынды ойынына куә болдық. Есеп 1:0. Жеңіс қайраттықтардың қоржынында. Ендеше шолуымызды басынан бастайық.

 

Қазақстан премьер лигасының 2-кезеңінде танымал екі команда ұпайға таласты. Бірінші таймда Қайрат аяқдопшылары бірнеше мәрте гол соғуға мүмкіндік алды. Алайда Александр Заруцкийдің арқасында, олардың бұл әрекеті нәтиже бермеді. Еске салайық, қақпашы былтыр қарсылас құраманың мүшесі болған еді.

 

Ақтөбе командасының үздік ойыншылары қатарында, әлемге танымал Манчестер Юнайтед құрамында болған Луиш Нани де болды. Бірақ өкінішке қарай, аяқдопшы бұл матчта тәжірибелігін көрсете алмады. Стадионды толтырған көрермен Луиш пен Дастанның тартысты ойынын көреміз деп дәмеленген еді. Өкініштң-ақ

 

Ал екінші таймда Қайраттықтар есеп ашты. Матч барысында Ақтөбе аяқдопшысы Даниел Сосо өзінің алаңына жақын жерде допты жоғалтып алды. Ал Дастан Сәтбаев болса сол мүмкіндікті пайдаланып, 75-минутта шешуші голды соқты.

 

Иә, ақтөбелік жанкүйерлердің үміті ақталмады. Ал Қайрат командасы кезекті жеңісін тойлауда. Аншлагпен өткен матч осындай қорытынды көрсетті. Ендігі кезекті коментатор Еділ Анарбайдың ойын жайлы пікіріне берейік.

Еділ Анарбай, актер, коментатор:

Мен сендім негізі жеңіске. Өйткені біріншіден бұл Қайрат командасы үшін өте маңызды ойын. Екіншіден біз өзіміздің үйімізде ойнадық. Лигионерлер келгеніне байланысты, мүмкін Ақтөбе үшін басымырақ болатын шығар дегенде пікірлер айтылыпты ғой. Мен оқыдым негізі. ФК Қайрат ол енді өздеріңіз білесіздер, Еуропаны чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Ондай дәрежеге екінің бірі ондай қол жеткізе алмайды.

 

Жеңімпаз команданың келесі ойыны 21-наурыз күні Талдықорған қаласында «Жетісу» командасымен болмақ.