Гала кешкі астан басталған Eurasion Fashion Week, шетелден келген дизайнерлердің көрсетілімімен жалғасын тапты. Содан кейін бүлдіршіндерге арналған коллекциялар ұсынылып, шара этно-стильдегі туындыларымен қорытындыланды. Ал бүгін аптаға созылған сән шарасының афтэпатиі.
Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:
– Бұл апталық өте жылы атмосферада өтті. Біз отбасылық құндылықтарды, дәстүрімізді дәріптедік. Сонымен қатар, екінші күні біздің жас дизайнерлер мұра тақырыбын кеңінен ашты.
Eurasion Fashion Week әр жылы эксклюзивті топтамаларынан бөлек, танымал амбассадорларымен де ерекшеленеді.
Жан Байжанбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Мені ерекше қуантқан жағдай, оқуын енді бітірген жас дизайнерлердің топтамалары болды. Олардың коллекциялары сәтті шыққаны сонша, мен риза болдым.
– Бірінші рет амбассадор болдыңыз иә осы Eurasian Fashion Week-те. Тағы да несімен есте қалды?
Аида Құрманғалиева, актриса:
– Тақырып - «Мұра» деген. Өзіме жақын негізі. Өзіміздің еліміздің, дәстүріміздің мұрасын жылдар бойы осылай алып жүріп, ұмытпай осылай көрсетіп жүрсек, меніңше ол өте жақсы нәрсе деп ойлаймын.
Айта кетейік, жоба авторлары ұйымдастырған кастингтте 500 үміткер бағын сынаған еді. Нәтижесінде 300 модель іріктеліп алынып, фэшн-уикте өнер көрсетті. Соынымен қатар, сәнбикелер арасында арнайы шақыртумен келген желі жұлдызы Әлия Бөтеева да бар.
Әлия Бөтеева, блогер:
– Бұл образ Bibotaz Studio-дан. Біріншіден дизайнерлерге осы лук үшін алғысымды білдіремін. Олар біздің ұлттық киімдерімізді заманауи үлгіде көрсеткісі келді. Біз бұл аутфиттерді жай күндері де киіп жүре аламыз.
Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:
– Барлық модель өте жақсы өнер көрсетті. Дебютанттардың өзі нағыз шоу жасай білді. Тіпті Грузия, Армения, Ресейден келген арнайы қонақтарымыз таңданысын жасыра алмады.
Еске салайық, биылғы EFW-ның 11 маусымында Әлия Бөтеевамен бірге Аида Құрманғалиева да өнер көрсетуі керек еді. Бірақ, Мона бұл ұсынысты қабылдамады. Оған себеп:
Аида Құрманғалиева, актриса:
– Ол жаққа қарай мен өзімді бұл салада көргім келмейді. Ол жаққа модель ретінде кіргім келмейді. Себебі біріншіден менің бойы келмейді, мен кішкентаймын.
Eurasion Fashion Week-тің деңгейі жыл жанап өркендеуде. Бүгінде аталмыш жобаның бір бөлігі болу үшін өтінім жіберетін шетелдіктердің саны бірнеше есеге артқан. Сонымен қатар бұл fashion-шара енді тек Алматыда ғана емес, Астана, Ақтау, Атырау және Шығыс Қазақстанда да ұйымдастырылатын болады.
Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:
– Келесі маусым жайлы толық ақпарат бере алмаймын. Біздің Лондон, Вьетнам, Филиппин елдеріндегі шығармашылық ұжымымыз бұл тақырыпты мұқият қарастыруда. Бір айтатыным, Eurasion Fashion Week жобасы тек елімізде ғана емес, Европада да кеңінен талқыланатын болады.
Автор: Ш. Құсаинова